Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы жыл басынан бері 9,8 % өсті
1762 / 09.07.2018 14:38

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы жыл басынан бері 9,8 % өсті

Биылғы қаңтар маусым аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүк тасымалы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 % жоғарылады. Алты айда жүк айналымы Директорлар кеңесі жоспарлағаннан 6,2 пайыз асыра орындалған. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,8 пайызға жоғары болды.

Маусым айында жүк тиеу көлемі жоспардағыдан 5,4 пайызға жоғары болса, 2017 жылмен салыстырғанда 7,4 пайыз жоғары болып отыр. Оның ішінде астық тасымалы 777,4 мың тоннаны құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 29,9 пайызға жоғары көрсеткіш. Оның 543,2 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 пайыз жоғары болып отыр.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағымен 1861 контейнерлік пойыздар өткен. Қытайдан Еуропаға қарай контейнерлік пойыз өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көбейген. Кері қарайғы бағдарға транзиттік тасымал көлемі 1,6 есеге өскен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
106 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

653 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер