Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстар...
ЖТ Қарағанды филиалының Қызылжар-Жезқазған учаскесінде төрт жаңа теміржол өткізу пункті ашылды. Олар бір жолды учаскенің өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін шағын аралықтағы поездардың санын көбейтуге арналған. Бұл бақылау пункттері қысқа мерзімде - 15 күнде пайдалануға берілді. Олардың ашылуы 16 қосымша жұмыс орындарын - блок-бекеттердің кезекшілерін құруға мүмкіндік береді, оларды жақын жатқан елді-мекендердің халқының арасынан алу жоспарлануда.
- Бұл транзиттік тасымалдауды дамыту стратегиясына сәйкес Компания басшылығының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған аталмыш учаскенің инфрақұрылымын жаңғыртудың бірінші кезеңі», - деді Қарағанды жүк тасымалдаулар бөлімі техникалық бөлімшесінің бастығы Акыл Билялов.
Одан әрі осы блок-посттарда толыққанды разъездер салу, автоматтандырылған айдатқыш оқшаулау енгізу, сондай-ақ қолданыстағы разъездерде микропроцессорлық орталықтандыруға арналған маршруттық-бақылау құрылғыларын жаңғырту жоспарлануда.
- Бұлардың барлығы Жезқазған-Сексеуіл және Шалқар-Бейнеу желілерін толық пайдалануға мүмкіндік береді, - деді ол.
Блок-посттардың құрылысын уақытылы және сапалы жүзеге асыруға бас инженерлер Жексенова К.О., Акадская - Мертай К.М., Жаңааринская - Сүлейменова Б.М., Балқаш - Батырбекова М. K. басшылығымен дабыл және байланыс қашықтығының жұмысшылары баға жетпес үлес қосты.
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...