Қостанай өңірінде жаңа егіннің астығын үздіксіз тасымалдау үшін барлық шаралар қабылданды
Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астықты үздіксіз тасымалдау үшін қос...
Астанадағы Оқушылар сарайында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерінің балалары үшін қызықты байқаулар және өнер көрсетулерге толы көңілді мереке ұйымдастырылды. Балалар мен олардың ата-аналары Л.Кэролдың ертегісі негізінде «Алиса ғажайыптар елінде» атты театрландырылған қойылымның қатысушылары болды. Негізгі кейіпкерлер - Шляпник, наурыз қояны, Алиса и Чешир мысығы - көрермендерге сиқырлы атмосфераға шомылуға көмектесті. Залмен бірге ертегі кейіпкерлері кроссвортар шешіп, әр түрлі тапсырмаларды орындады, ән шырқады және би биледі.
Балалар күнінде Оқушылар сарайының елордалық сахнасында «Астана - менің Отанымның астанасы» балалар суреті байқауының жас жеңімпаздары оқушылар сарайына ие болды. Конкурс бірнеше кезеңде өтті, еліміздің 14 өңірінен 200-ден астам жұмыс әділ қазылар алқасына ұсынылды.
Үштен алты жас санатындағы бірінші орынды алты жасар Гүлнұр Жұмабай жеңіп алды, оған қазылар алқасы көрермендердің қызу қол шапалақтауымен гироскутер табыстады. Гүлнұрдың әкесі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік-техникалық департаментінде жұмыс істейді және қызының алғашқы жетістіктерін мақтан тұтады. 11-ден 13 жасқа дейінгі жас санатында өз шығармашылық жұмысы үшін жиналмалы самокат алған, Астаналық эксплуатациялық локомотивті депо қызметкерінің ұлы Әкежан Бектакимов жеңімпаз атанды. «Жас суретші» номинациясында сыйлық ұтып алған, байқаудың ең жас жеңімпазы - «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаменті қызметкерінің үш жастағы қызы Анель Бисал атанды. Анель сахнаға анасымен бірге шықты және сыйлыққа велосипед алды.
- Құрметті балалар, біздің бүкіл өміріміз сізге арналған! Ересектердің барлық күш-жігері сендерді сау және бақытты етіп өсіруге, өмірден өз орындарыңды табуға, өмірдегі ең батыл армандарыңды жүзеге асыруға бағытталған! Сендер біздің болашағымызсыңдар! Сендер - теміржолды дамуы бойынша біздің ортақ жұмысымызды жалғастыратын, электровоздар мен тепловоздар айдайтын жаңа буынсыңдар. Сіздердің көпшілігіңіз аналарыңыз бен әкелеріңіздің ізін жалғастырып, теміржолшылар болатындарыңа сенімдімін», - деп атап өтті марапаттау салтанатында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның HR жөніндегі атқарушы директоры Шолпан Әбілбекова.
Конкурстың әділ қазылар алқасының мүшесі, «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль,әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» - «ҚТЖ-Жүк тасымалы ҚБ филиалының төрағасы Ермек Төлегенов конкурстық іріктеуден өткен барлық жұмыстар қызықты және мазмұнды екендігін атап өтті.
- Осы жарыс көптеген дарынды балаларды анықтады, барлықтарың жарайсыңдар! ЖТ кәсіподақ ұйымы әрдайым осындай шығармашылық бастамаларды қолдайды және өскелең ұрпақтарымыз, болашақ теміржолшыларымызға, сәттілік және амандық тілейді», - деді ол.
Барлық марапаттар өз иелерін тапты. Жеңімпаздарға арналған жүлделердің кейбірін ұйымдастырушылар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалдарына жіберді. Сыйлықтар ретінде жас суретшілер планшеттер, гироскутерлер, велосипедтер, ұялы телефондар, смарт- және фитнес сағаттар, 3 D қаламсаптар, микрофондар және т.б. алды.
Сонымен, Олжас Тоқтаров (Шығыс Қазақстан облысы Коршунов станциясы) және Айсана Қайырболатова (Маңғыстау қ.) «Отансүйгіштігі үшін» номинациясында, «Тақырыпты ашудағы ерекшелігі үшін» номинациясында Дарья Сергеева (Есіл станциясы) және Тимур Сыздықов (Екібастұз қ.), «Қызықты шығармашылық шешім» номинациясы бойынша Нұрали Кәрім (Семей қ.), Саясат Дюсюков (Орал қ.), Варвара Таганова (Қарталы станциясы) марапатқа ие болды. Алматылық 8 жастағы Полина Масюра «Толеранттылығы үшін» номинациясында, ал Қызылордалық Ержан Мұсахмет - «Сезімдердің шынайылығы мен жарқын көрінісі үшін» номинациясында жеңімпаз атанды.
Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астықты үздіксіз тасымалдау үшін қосымша маневрлік локомотивтер тартылды және станция қызметкерлерінің...
Ағымдағы жыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша Ақмола ЖТ бөлімшесі бойынша астық тиеу 419,6 мың тоннаны құрады. Астықтың шамамен 84...
2024 жылдың қыркүйегінде Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 265,2 мың тонна биылғы егін немесе 3,8 мыңнан астам вагон тиелді. Қазақстан б...