Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
3081 / 04.06.2018 15:36

Алматы қаласындағы сауықтыру лагерьлері жұмысының басталуын ауыстыру туралы ақпараттық хабарлама

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ менингококктық инфекциямен ауруға байланысты тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласындағы сауықтыру лагерьлерінің жұмысын маусымның екінші онкүндігіне ауыстыруды ұсынды деп хабарлайды.

Сауықтыру лагерлеріне балаларды қабылдау олардың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалары болған жағдайда жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне, сонымен қатар еңбек демалысындағы қызметкерлерге санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, әсіресе әлеуетті қауіпті аудандарға саяхаттау кезінде мұқият болу ұсынылады. Халық тығыз жиналатын қоғамдық көлік, жатақханалар, емханалар, балабақшалар, концерт залдары, театрларда менингокок жұқтыру ықтималдығы жоғары.

Аурудың белгілері - температура, бас ауруы, әлсіздік, буындардағы ауырсыну, буындардағы құрыстырулар. Балаларда жиі іштің айқын ауыруы байқалады. Дене температурасы жылдам артады. Екінші құрамдас бөлігі - геморрагиялық бөртпе. Ол сондай-ақ папулезді бөртпе түрінде пайда болуы мүмкін, ол өте жылдам көбейеді.

Аурудың алғашқы белгілерінде медициналық көмекке жүгіну керек.


Поделиться:
Популярные новости
106 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

653 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер