Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚХР-ның Нинся-Хуэй автономиялық ауданымен бірлескен трейдинг логистикасын құруды жоспарлап отыр
1636 / 01.06.2018 18:07

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚХР-ның Нинся-Хуэй автономиялық ауданымен бірлескен трейдинг логистикасын құруды жоспарлап отыр

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен (ҚХР) Нинся- Хуэй автономиялық ауданы өкілдері контейнерлік тасымал саласындағы серіктестікті дамыту мәселесі бойынша келіссөз өткізді.

Келіссөзге Қазақстан тарабынан «ҚТЖ -Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті Сағындық Жұмабаев, «KTZ Express» АҚ мультимодальдық тасымалдау департаментінің бас менеджері Нұржан Алпысбаев, қытай тарабынан Нинся-Хуэй автономиялық ауданы комммерция департаментінің логистикалық даму бөлімінің бастығы Чжу Дун қатысты.

Тараптар бірлескен трейдингтік логистиканы ұйымдастыру мәселесінде кері қарай ҚХР-ға контейнерлік пойыздарға сусымалы жүктерді тиеу мәселесін талқылады.

Талқылау барысында Иньчуань –Тегеран контейнерлік пойызына жүк тасымалдауға қатысты тарифтық мөлшерлемені бекіту кезінде Чжу Дун қытай тарабының Қытай-Тегеран бағдарына айына екі пойыз, кері қарай бір пойыз жасақтау туралы жоспарлап отырғандарын жеткізді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті С. Жұмабаев бірлескен тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыруға барынша мүдделілік білдіріп, оған қазақстандық экспорттық тасымалдаушыларды, тау-кен, агроөнеркәсіп кәсіпорындарын тартуға ынталы білдірді.

С. Жұмабаев, тапсырыс берушілерді көптеп тарту «ҚТЖ» ҰК» АҚ -ның басым бағыттарының бірі екендігін айта келіп, Компанияның бірлескен қолайлы логистикалық шешімдер жасауға әзір екендігін жеткізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
106 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

654 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер