Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Балалардың көзімен еңбекті қорғау
2117 / 23.05.2018 10:26

Балалардың көзімен еңбекті қорғау

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалдарында «Балалардың көзімен еңбекті қорғау» тақырыбында балалар суреттерінің байқауы өткізілді. Оған бестен он алты жасқа дейінгі балалар қатысады.

Байқаудың ұйымдастырушылары өсіп келе жатқан ұрпақтың еңбекті қорғау және өз денсаулығын сақтау мәселелеріне мұқият қарауының қалыптасуы мектептен басталуы қажет деп есептейді.

- Байқау балалар мен жасөспірімдердің еңбек пен еңбекті қорғауға құрметпен қарау, балалардың шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын дамыту үшін өткізіледі. Бұдан басқа, шығармашылық арқылы кәсіптерді таңдауда басымдықтарды анықтау үшін жағдайлар жасалады», - деді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» - «Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіби одағы» филиалының еңбек қорғау жөніндегі бас қоғамдық инспекторы Гүлмира Қасымова.

Павлодар станциясының байқауына түрлі өнер техникасында орындалған 30-ға жуық жұмыс ұсынылған. Онда балалар ересектерге ережелерді сақтауға, сақ болуға және абайлауға шақырады.

- Мұндай жарыстарға қатысу балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысқа деген зерделі көзқарасын қалыптастыруға, балалардың осы бағытта білімін кеңейтуге, сондай-ақ ата-аналардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Іс-шара осы жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да жарияланған Станция бастығының жылы шеңберінде өтті, - деп хабарлады Павлодар станциясының бастығы Нұрлан Қанатбаев.

Байқаудың ең кішкентай қатысушылары бес жасар Абылайхан Аманов пен Кирилл Жильцов болды. Кириллдің анасы - жүк және багажды қабылдап-жібергіш. Абылайханның ата-анасы көп жылдар бойы Павлодар станциясында жұмыс істейді.

Байқаудың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар әр қатысушыға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар ұсынды.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

70 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер