Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ұлттық тасымалдаушы әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдауды толығымен қамтамасыз етіп отыр
1416 / 29.05.2018 13:06

Ұлттық тасымалдаушы әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдауды толығымен қамтамасыз етіп отыр

29 мамырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2018 жылы әлеуметтік маңызды жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған брифинг өткізді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде 2017 жылы 103 миллион тонна көмір тиелсе, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 14 пайызға жоғары. 2017 жылы елішілік бағдарларға 72 миллион тоннадан астам тиелсе, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12 пайыз жоғары. Экспортқа 31 миллион тонна жіберілсе, ол 17 пайызға жоғары.

Өткен жылы коммунальдық -тұрмыстық қажеттіліктер үшін 8,9 миллион тонна көмір жеткізілді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары. Биылғы бес айда 42 миллион тонна көмір тиелсе, оның 28 миллион тоннасы қазақстандық тұтынушыларға жіберілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бір миллион тоннаға жоғары көрсеткіш.

«2018 жылы 106,5 миллион тонна көмір тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Республика тұтынушыларына 71,9 миллион тонна жеткізілетін болса, ол 2017 жылмен салыстырғанда шамамен 3,5 пайызға жоғары болмақ»,-дейді «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ Жүк жұмыстары бойынша атқарушы директоры Айдар Исақов.

«Бізде әлеуметтік маңызды жүктерді жеткізуді қамтамасыз етуге жылжымалы құрам саны жеткілікті. Қазіргі таңда іске қосылған жартылай ашық вагондар саны 50 мыңнан астам»,-дейді А. Исақов.

Брифинг барысында Компания өкілдері жылжымалы құрамды және жүк тиеу құралдарын тиімді пайдалану үшін көмір тасымалдауға тапсырысты біркелкі жүргізуге шақырды. Биылғы жылы жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларды қатты отынды өңірлерге жеткізуді жыл басында тиімді жоспарлап, тасымалдау көлемін әрбір айға біркелкі бөліп орындаса түрлі түсініспеушіліктер орын алмайды.

Осы мақсатта «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бастамашылығымен облыс орталықтарында жергілікті атқарушы органдардың, көмір кендерінің және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен көшпелі кеңестер өткізілуде. Ондай кездесулерде алдағы жылу беру маусымына қарай өңірлердегі жергілікті тұрғындар мен жылу-қуат өндіретін кәсіпорындарға көмір жеткізудің жай-жапсары, болжамды көлемі, тасымалдауды жыл бойына барлық айларға біркелкі етіп бөлу мәселесі қарастырылуда.

«Осындай ұйымдастыру шараларының нәтижесінде бірқатар әкімдіктер көмір тасымалдауға тиесілі қаржыны төртінші тоқсаннан екінші, үшінші тоқсанға ауыстырды»,-дейді А. Исақов.

2017 жыл қорытындысы бойынша 8,9 миллион тонна астық тиелсе, ол 2016 жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғары. Оның ішінде республикаішілік бағдарға -3,1 миллион тонна жеткізілсе, экспортқа -5,8 миллион тонна астық жіберілді.

Былтыр 3,2 миллон тонна ұн өнімдері тиелсе, ол 2016 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Астық эквивалентімен есептегенде 13,5 миллион тонна тиелді.

Биылғы жылдың бес айында 4,8 миллион тонна астық тиелді. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 47 пайызға жоғары көрсеткіш.

Қазақстандық астық пен ұн өнімдері негізінен дәстүрлі бағдарларда сақталып отыр. Оның ішінде Орталық Азия –33%, Иран мен Ауғанстан – 43%, ҚХР – 7%, РФ – 10%, қалған елдерге – 7% жөнелтіледі.

- Қазір «ҚТЖ» ҰК» АҚ астық пен ұн өнімдері бойынша жүк жөнелтушілердің сұранысын қанағаттандырудың барлық шараларын жасауда. Өйткені, астық пен ұн өнімдерін тасымалдау Қазақстанның аграрлық кешенінің дамуы мен экспорттық әлеуеттің өсуін қолдауда маңызды рөл атқарады»,-деп атап өтті А. Исақов.

Қазақстандағы ірі астық операторы «Астық Транс» 330 астық вагондарын жөндеуден өткізіп, қызмет ету мерзімін ұзартты. Жыл аяғына дейін 421 астық вагондарын сатып алып, 1080 астық вагондарын жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. 2018/2019 жылдары астық тасымалдаудың маркетингілік маусымында «Астық Транс» АҚ-ның болжалды жұмыс паркі шамамен 5810 вагонды құрайды. Ал, Қазақстанның астық тасымалдайтын вагондары сырттан вагон көмектерін қоса есептегенде 10-11 мың астық вагоны болғалы тұр.

Брифинг барысында Ұлттық тасымалдаушы барлық тасымалдауға қатысушыларды қазірден бастап бар ашық вагондарды тиімді пайдалануға шақырды.

«2017 жылы элеваторлар мен астық қабылдау бекеттеріндегі құрал-жабдықтардың істен шығуы вагондарға жүк тиеу жұмысын баяулатты. Бұл өз кезегінде вагон паркіне сұраныстың артып, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға кедергі келтірді»,-дейді А. Исақов.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк жөнелтушілермен жүк қабылдаушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдауға қатысты клиенттердің барлық ұсыныстарын қарап, шұғыл шешіп, ашық талқылауға мүдделілік білдіріп отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
159 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

291 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

162 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер