Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Мамандар – қайта партаға отырды
1363 / 11.05.2018 13:05

Мамандар – қайта партаға отырды

Теміржолшылардың біліктілігін арттыру - бұл үздіксіз үрдіс. Жұмыстың ерекшелігі, стандартты емес жағдайлардағы іс-әрекеттер, техника қауіпсіздігі талаптары, еңбекті қорғау мәселелері және тағы басқаларды теміржолшылардың техникалық сабақтарда оқиды. Біліктілікті арттыру өндірістен қол үзбей өткізіледі. Сабақтар айына бірнеше рет өткізіледі. Парталарға машинисттер, машинисттердің көмекшілері, поездардарды құрастырушылар, вагоншылар және басқа мамандықтар отырады. Бұл 30 мыңнан астам маман. Олардың шеберлігі мен кәсіби деңгейінен темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі мен сенімділігі байланысты. Оқыту дәрістер, іскерлік ойындар, тәжірибелік сабақтар түрінде өтеді.

- Қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру - біз үшін маңызды мәселе. Техникалық сабақтар өткізудің жылдық жоспары бар. Сабақтар тесттік сауалнама түрінде айына екі рет міндетті емтихан тапсырумен өткiзiлiп отырады. Техникалық оқу барлық деңгейдегі қызметкерлерді қамтиды. Машинистер, машинисттердің көмекшілері, вагоншылар және басқа да мамандықтармен бірлесе отырып станция бойынша кезекшілер, жолаушылар мен техникалық парктерің орталықтандыру бекеттері қатысады – деді «Астана - Нұрлы жол» паркі бойынша дәріс оқытушылардың бірі қызметкері Жанат Ақшімов.

Мамандар оқу үрдісінде өндірістік көрсеткіштерді жетілдіру және жақсарту бойынша шаралар қабылдаудың жалпы мәселелерін зерттейді. Бұдан басқа, үнемді өндіріс бағдарламасы, өрт қауіпсіздігі ережелері және темір жол көлігіндегі еңбекті қорғау бойынша оқыту жүргізіледі.

«Астана Нұрлы - жол» станциясының бастығы Самат Құрбановтың айтуынша, техникалық дайындық сапалы нәтиже береді.

- Еңбек өнімділігі, қызметкерлердің біліктілік деңгейі өсіп келе жатыр, жұмысшылардың әлсіз техникалық даярлығы мен қанағаттанарлықсыз білімімен байланысты себептер бойынша теміржол көлігінің қозғалысы мен пайдаланылуы қауіпсіздігінің ережелерін бұзулары жағдайы жоқ, - деді ол.

Бұдан басқа, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жыл сайын жоспарлы негізде ИСМ мәселелері бойынша желілік, өңірлік және желілік деңгейдегі қызметкерлерді оқытуды және біліктілігін арттыруды, соның ішінде «Біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы» біліктілігін өткізеді.

Поделиться:
Популярные новости
59 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

67 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

150 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер