Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ҚР МЕН ӨР АРАСЫНДАҒЫ ЖҮК АҒЫНЫНЫҢ АРТУЫНА ЖОЛ АШАДЫ
1398 / 06.05.2018 17:53

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ҚР МЕН ӨР АРАСЫНДАҒЫ ЖҮК АҒЫНЫНЫҢ АРТУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Сарыағаш станциясына жұмыс сапарымен барып, Өзбекстанмен шекарада орналасқан мемлекетаралық шекаралық бекеттің дамуын тексерді.

К.Алпысбаевқа станцияның өткізу қабілетін арттыру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Астанада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысында, Комиссияның тең төрағалары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Мамин мен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Раматовтың қатысуымен 2018 жылы тауар айналымын 3 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатымен әрі қарай келісілген шаралар қабылдау келісіміне қол жеткізілді.

ҚР мен ӨР арасындағы тасымалдау көлемін арттыру үшін көліктік-логистикалық жүйені дамыту, Сарыағаш-Келес теміржол өткелі арқылы жүк ағымын өткізу үшін инфрақұрылымдық шектеулерді жою бойынша шаралар қабылдануда.

Сарыағаш станциясында транзиттік тасымалдаулар көлемінің өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында реконструкция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында үш қосымша теміржол жолдары салынды. Бұл станцияның өнімділігі мен өткізу қабілетін күніне 30 пойыз жұбына дейін арттыруға мүмкіндік берді. Орташа алғанда, күніне 21 жұп поезд қабылдай және жөнелте алады.

Қосымша жолдарды іске қосқаннан кейін, мемлекетаралық түйістірілген Сарыағаш-Келес пункті бойынша жүк айналымы өткен жылмен салыстырғанда 125% -ға артты.

Сапар барысында К.Алпысбаев шекара маңы учаскелері арқылы пойыздардың қауіпсіз және кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Компания басшылығын кедендік органдармен өзара әрекеттесу жұмысы, кедендік өткізу пунктінде кедендік операцияларды жылдамдатушы «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесінің (ККЖ АБЖ) ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің «Астана 1» ақпараттық жүйесіне интеграциялануы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, К.Алпысбаев Шымкент қаласындағы A+ санатты «Continental Logistics Shymkent» көлік-логистикалық орталығында болды.

2

Өткізу қабілеттілігі жылына шамамен 1 миллион тонна болатын заманауи кешенде құрғақ және климаттық қоймалар, контейнерлік терминал және тиісті инфрақұрылым бар. Мұнда жақында клиенттерге «бір терезе» режимінде логистикалық қызметтер кешені ұсынылатын кедендік қызмет көрсету аймағы ашылды.

КЛО-да жүктердің қоймаларда тұрып қалуын болдырмау үшін жағдай жасалатынын атап өту маңызды. Бұл, әсіресе, Өзбекстаннан көп мөлшерде жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдері сияқты тез бұзылатын жүктерге қатысты.

КЛО-ның Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралі мен темiр жол желiсiне жақын орналасуы қолайлы орналасуы аймақтың шоғырлануы мен жүктердің дистрибуциясы ретiнде дамуына ықпал етедi.

Жұмыс сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сарыағаш станциясы мен Шымкент КЛО-н дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Мемлекетаралық түйіскен пункт пен логистикалық орталықтың тиімді жұмысынан Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк ағынының артуы бойынша қойылған мақсаттарға жетістік байланысты.

Поделиться:
Популярные новости
91 / 18.12.2024

Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді

Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...

350 / 13.12.2024

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...

187 / 11.12.2024

Биылғы жылдың 11 айында теміржол көлігімен 236 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер