Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілді
1479 / 02.05.2018 17:45

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «МК бөлімшелері» барлық филиалдарында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Олар еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне назарды күшейту, өндірістік тәуекелдер оларға қарсы қорғау тәсілдері туралы қызметкерлердің ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған. Акцияны ұйымдастырушылар - жол бөлімшелері кәсіподақ комитеттерінің өкілдері.

- Дәстүр бойынша біз Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде атап өтеміз. Биыл акция «Еңбекті қорғау: жас қызметкерлер ерекше осал» ұранымен өтті. Теміржолшылар өздерінің өмірі үшін ғана емес, сонымен қатар өз әріптестері, жолаушылар үшін, жүктерді жеткізу үшін де жауапты екенін еске саламыз», - деді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ филиалының төрағасы Ермек Төлегенов.

МК бөлімшелердің қызметкерлері арасында еңбек қорғау сұрақтары бойынша викторина-байқаулар өткізілді. Байқау жеңімпаздары сертификаттармен және жүлделермен марапатталды. Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспекторлар марапатталды. Сонымен қатар, жұмыс персоналының еңбекті қорғау мәселелері бойынша жиналыстар, семинарлар, өндірістік кеңестің отырыстары өткізілді. Қатысушылар қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі факторларын қарастырды, жарақаттанудың алдын алуға назар аударылды, ҚР нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер талқыланды.

- Теміржолшылар үшін еңбекті қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі маңызды болып табылады. Бір адамның дұрыс әрекеттеріне бүкіл ұжымдағы үйлесімді және апатсыз жұмыс тәуелді. Компания қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық және демалыс жағдайларын жақсарту мәселесіне көп көңіл бөледі, - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов.

Іс-шара шеңберінде бөлімше қызметкерлері үшін дәрігерлер әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізді. Мереке құрметіне жас қызметкерлер жүздеген ағаштар отырғызды, санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс орындарын ретке келтірді. Акцияны ұйымдастырушылар өндірісте жарақат алған бұрынғы жұмысшылардың үйіне барып қайтты. Олар күнделікті тұрмыста қолдан келгенше көмек көрсетіп, сыйлықтар берді.

Еңбекті қорғау күні жұмысшылар еңбек қауіпсіздігі бірінші кезектегі екендігін тағы бір рет дәлелдеді.

Поделиться:
Популярные новости
4 / 28.11.2023

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспары 90% орындалды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның 422 өндірістік нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары а...

244 / 13.11.2023

Достық станциясында экспорттық жүктерді беру бойынша ТЖЫҰ жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды

           2023 жылғы 13 қарашада Достық шекаралық өткелі арқылы Алашаңқай станция...

346 / 13.11.2023

Ауа-райының нашарлауына байланысты ҚХР-да жүктерді түсіру баяу жүріп жатыр

         Ағымдағы жылдың 13-18 қараша аралығында Алашаңқай шекаралық станцияда (Қ...

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер