Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Аймақтың табысты кәсіпорны болу
1247 / 27.04.2018 17:43

Аймақтың табысты кәсіпорны болу

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «Алматы бөлімшесі МК» филиалының құрастырымдық-эксперименталды орталығы (ҚЭО) өз қуаты мен әлеуетін арттыруда.

Мұнда инженерлік ой бұлақтай тасып, өз іске асырылуын тәжірбиелік-құрастырымдық әзірлемелерден, қызықты шешімдерден табатын шынайы шығармашылық команда жұмыс істейді.

ҚЭО - бұл стандартты емес жабдықтарды, шағын механикаландыру жабдықтарын, құрал-саймандарды, қосалқы бөлшектерді құрылымдық бөлімшелердің сұранысы бойынша шығаратын шағын зауыт, сондықтан Алматы ҚЭО өндірістік қуатын күшейту туралы шешім қабылданды және Шелек станциясынан станокты жабдық жіберілді.

Енді кең үй-жайда жону-бұрама кескіш, үстел үсті - бұрғылайтын, ажарлағыш-қайрағыш және тік бұрғылаушы білдектер жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚЭО-да пневматикалық шойбалға тоқпақ орнатылған ұста-баспақ жабдықтар бойынша жаңа цех ашылды.

Абразивтік құралмен жұмыс істеу қауіпсіздігі мақсатында абразивті дөңгелектердісынау үшін стенд ерекше танымалдыққа ие, өйткені онда тегістеу білдегіне орнатпас бұрын дөңгелектер беріктілікке сыналуы тиіс. Стенд электрондық бақылауға ие және қажетті параметрлерді өздігінен оқи алады.

Кәсіпорын ұжымы шағын. Қырнаушылар, дәнекерлеушілер, білдекте істейтін жұмысшылар және слесарь-жөндеушілер қызметкерлері отыз жылдан астам уақыт жұмыс істейді. ҚЭО мамандары теміржол көлігінің техникалық құралдарының эксплуатациялық сынақтарында, өнертабыстық ұсыныстарға сараптама жүргізуге және олардың негізінде техникалық құжаттамалар мен үлгілерді әзірлеуге қатысады.

Кәсіпорынның қызмет ауқымы өте кең. ҚЭО вагондар мен жол-сапар шаруашылығының және үшінші тарап кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін өнімдер шығарады. Өйткені ірі зауыттар, әдетте, аз мөлшерде тапсырыстар қабылдамайды, ал кәсіпорын қызметкерлері барлық қызметтермен белсенді түрде ынтымақтасады. Өнімдердің номенклатурасы әртүрлі: мұнда вагондардың арбалық тежегіштерін, өткір-қырлы сүймендерді көруге болады, тежегіш табандарды сақтауға арналған стеллаждар үлкен сұранысқа ие.

Номенклатуралық қатарға кіретін әмбебап фитингтік тірек теміржол платформаларына арналған фитингтік теміржол платформаларында ірі тонналы контейнерлермен тасымалданатын жүктерді сақтау үшін, теміржол көлігімен тасымалдау кезінде контейнерлік есіктерді ашу мүмкіндігін жоққа шығаратын тікелей мақсатқа арналған. Құрылғы ірі тонналы контейнердің бүйір конструкциясына жанаспай, оның фитингтік тіректерге орнатылуына мүмкіндік беретін, платформаның жақтауына есептелген қашықтықта дәнекерленеді.

ҚЭО жүк және жолаушылар вагондарын АТБЖ жөндеуге қажетті әртүрлі тетіктерді, сондай-ақ тетіктерді жылжыту үшін қажетті әртүрлі құралдарды, механизмдер мен құрылғыларды, ТҚП, ВДП, ҚТҚП, ҚП тасқынды желілеріндегі цех ішіндегі құрастырма бірліктерін даярлайды.

Кәсіпорын жоспарында - металл шатыр даярлау бар, және мұндай әлеуеттің ауылы алыс емес.

Айта кету керек, жаңа басшы Мұхамедқали Елешевтің келуімен ҚЭО-нда көп нәрсені өзгерді. Қазір цехтарда жарықтандыру қуатты, барлық жерлерде таза және тәртіп орнатылды, көрнекі үгіт-насихат, дайын бұйымдарға арналған стенд жаңартылды. Жұмысшылар қолдары бос кезде уақыт өткізе алатын тынығу бөлмелері ашылды, барлық жерде бөлме гүлдерді, бұл қолайлы жағдай тудырады және көзді қуантады.

Аумақ жақсартылды, гүлзарлар отырғызылды, сонымен қатар, кәсіпорын өз аумағын кеңейтті, қазіргі уақытта барлық қажетті өнімдерді арнайы аспаның астында сақтауға болады, осылайша әкімшілік ғимараттың эстетикалық көрінісін бұзбайды. ҚЭО екінші рет өмірге келді деп айтсақ болады. Директоры Елеешевтің айтуынша, жаңару - бұл жеңістердің кепілі, өйткені күн сайын кішігірім зауыттың өміріне өзгерістер енгізіліп, дүкендер жаңа жабдықпен жабдықталған.

  • Біз адамдар үшін жұмыс істейміз, адамдар көтеріңкі көңіл күймен жұмысқа келуін қалаймын, сонда ғана ұжымда жұмыстың сәті түседі және топтағы микроклимат жақсарады», - дейді кәсіпорын басшысы Мұхамедқали Кәрімұлы. - Барлық жабдық тексерілді, ол техникалық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді, оның келуімен еңбек өнімділігі артып, бөлшек дайындаудың мінсіз сапасы қамтамасыз етілгенін атап өту керек.

Жаңа техниканы меңгеру, кардлық әлеует болғанда кәсіпорынның позитивті алға жылжуы және өсу қарқыны ҚЭО-ның өңірдегі табысты кәсіпорынға айналуына мүмкіндік береді.


«Транс-Экспресс Қазақстан» журналы № 3 (93) 2018 ж.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

269 / 29.03.2024

Вагон шарушылығының өндірістік-техникалық бөлімдері басшыларының корпоративтік даму бағдарламасы аяқталды

Вагон шарушылығының өндірістік-техникалық бөлімдері басшыларының корпоративтік даму бағдарламасы аяқталды Астанада вагон шаруашылығының өндірі...

105 / 29.03.2024

Екі теміржол әкімшілігінің тарихындағы жаңа рекорд

2024 жылдың 28 наурызында Достық-Алашанькоу халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды: бір күнде Қытайға 21 пойыз экспорттық қатынаста ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер