Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Цифрлы теміржол: диджитализация дәуірі
1938 / 22.05.2018 13:08

Цифрлы теміржол: диджитализация дәуірі

Ақтөбеде автоматтандырылған басқару және ақпараттық жүйелер қызметінің мәселелері бойынша семинар-кеңес болып өтті. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі АСУ бөлімінің жауапкершілігімен ұйымдастырылған шара екі күнге жалғасты.

Орталық аппаратпен қатар, ел аумағындағы бөлімшелерден жауапты мамандар қатысқан шараның ауқымы кең болды. Ақтөбе жүк тасымалы АСУ бөлімінің басшысы Алексей Куксоның хабарлауынша, кеңестің мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында теміржол саласындағы диджитализация процесі туралы сөз қозғау, жоспарлармен бөлісіп, проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастыру, т.б.

«Жалпы, автоматтандыру жұмысы Ақтөбе өңірінде бұрыннан қолға алынып келеді. Оның үстіне, Ақтөбедегі есептеу орталығының программистері бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге жеткен, танымал ұжым. Олар әзірлеген бағдарламалар болат жолдың бойында үлкен сұранысқа ие. Тіпті, ресейлік баламалардан қалыспайды», – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің басшысы Алексей Куксо.

Екі күнге созылған семинар барысында цифрландыру аясында қолға алынып жатқан жұмыстар барысы таныстырылды. АСУ бағдарламалары слайд арқылы көрсетілді.

«Бүгінде пойыздар қозғалысындағы дизельді отынды үнемдеуге жол беретін жүйелер қарастырылған. Келісімшарт-коммерциялық жұмыстарды автоматтандыру жақсы жолға қойылып келеді. Теміржол бойындағы қызметтердің ашықтығын, айқындылығын қамтамасыз етеді», – дейді Алексей Куксо.

АСУ бөлімі басшысының айтуынша, цифрландыру алдымен клиенттердің игілігі үшін жасалып жатыр. Бүгінде жолаушылар тасымалы қызметінде де сандық жүйе сатылы түрде енгізіліп келеді.

«Мәселен, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздарында жүру құжаттарының 50-60 пайызы ғаламтор арқылы сатылады. Алдағы уақытта оны 90 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Одан теміржол кассалары зардап шекпейді. Бастысы, клиентура үшін қолайлы болғанын қалаймыз», – дейді ол.

Семинар-кеңес барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-дағы ақпараттық жүйелер жұмысы мен болашағы туралы тақырыптардан өзге транзитті декларация, кедендік заңнама, ақпараттық жүйелер арқылы шетел көлік құралдарын декларациялау, электронды маршрут, т.б. жайттар сөз болды.

Сондықтан тиімділігі мол болған семинар-кеңес жұмысы оған қатысушылардың бәрін қанағаттандырды.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

21 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

69 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер