Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
БІШКЕКТЕ ТККО 68- ШІ ОТЫРЫСЫНДА ДОСТАСТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ТЕМІРЖОЛЫНА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ
1267 / 18.05.2018 15:03

БІШКЕКТЕ ТККО 68- ШІ ОТЫРЫСЫНДА ДОСТАСТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ТЕМІРЖОЛЫНА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

17-18 мамырда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Бішкекте өткізілген Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесі орталығының (ТККО) 68-ші отырысына қатысты. Оның күн тәртібінде 12 мәселе қаралды.

Отырыс барысында 2017 жыл мен 2018 жылғы алғашқы тоқсандағы халықаралық желідегі жолаушылар мен жүк тасымалдаудың, жолды пайдаланудың қорытындылары шығарылды. 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының кестесіне норм
ативтік актілер, инфрақұрылым, жылжымалы құрам, тариф саясатына қатысты жайлар қаралды.

Отырысқа қатысушылар желі бойынша жүк тасымалының 2017 жылы 3,1% өскендігін атап өтті. Достастық елдерінің желісімен 2 млрд. тонна жүк тасымалданған. Ол қабылданған міндеттемеден 1,9 % артық болса, 37,3 миллион тонна болды.

Теміржол әкімшіліктерінің ішінде жүк жөнелту міндеттемін асыра орындағандар қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ да бар. Компания 2017 жылғы міндеттемесін (+3,2%), 2018 жылғы бірінші тоқсанды да (+2,8%) көрсеткішпен қорытындылады. 2017 жылы жолаушылар айналымы 10% өссе, орта қашықтықта 5,9% болды.

Достастық елдері теміржолымен 2018 жылдың бірінші тоқсанында жүк тиеу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға өсіп, 493,1млн. тонна құрады.

Отырыс қатысушылары Кеңес аясында қолданыстағы нормативтік құжаттарға жекеменшіктегі жүк вагондарын нөмірлеп есептеу мен пайдалану, номенклатуралық жүктердің бірізді тарифтік-статистикалық Қағидатының жаңа редакциясына бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Сонымен қатар өзгерістер мен толықтырулар Кеңеске қатысушы елдердің теміржол көлігі әкімшілігі арасындағы бұрын жасалынған келісімдерге 2018/2019 жылдары халықаралық жолаушылар тасымалы бағдары кестесіне қатысты өзгерістер енгізілді. Оның сыртында транзиттік тасымалды одан әрі дамыту мен тиімділігін көтеретін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Отырыс барысында Кеңес Құрмет грамотасымен марапаттау рәсімі өткізілді. Халықаралық бағдардағы теміржол көлігімен тасымалдауды қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірқатар қызметкерлері Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесі орталығының Кеңес Дирекциясының жаңа төрағасы болып «РТЖ» ААҚ Оңтүстік-Орал теміржолының бастығы Виктор Попов сайланды.

Кеңестің кезекті 69-шы отырысын Ереван қаласында (Армения) өткізу жоспарланып отыр.

Поделиться:
Популярные новости
167 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

299 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

192 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер