Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1710 / 11.05.2018 18:24

Теміржол бойында бала қараусыз қалып қойған

     10 мамырда 11 сағат 45 минутта Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Тараз- Түлкібас телімінде 5 жасар қызды пойыз қағып кетті. Теміржол маңында жас бала үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген.

Жүк пойызының машинисі 200 метрдей жер қалғанда, қыз баланы көріп қалып, сағатына 45 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойызды жедел тежегішті басып, тоқтатуға тырысқан. Өкінішке орай, ара қашықтық тым жақын болғандықтан пойызды тоқтату мүмкін болмады.

«Оқиға орын алған кезде, қыз баланың қасында үлкендерден ешкім болмаған. Пойыз екпінімен жас бала ұшып кетті»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы - Жамбыл ЖТ бөлімшесінің бас инженері Анатолий Ким.

Оның айтуынша, Тараз-Түлкібас теміржол теліміне автокөлік жолы да саяжай селосы да жақын орналасқан.

Оқиғаның ақ қарасын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

А. Кимнің хабарлауынша, теміржолшылар барлық азаматтарға темір жол бойында қозғалыс ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін үнемі ескертіп келеді.

Теміржол арқылы тек қана белгіленген тұстар мен арнайы өткелдерден өту қажет.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

279 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер