Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ЕКІБАСТҰЗ СТАНЦИЯСЫНАН ОН ЕКІ МЫҢДЫҚ ПОЙЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ
1823 / 05.05.2018 15:02

ЕКІБАСТҰЗ СТАНЦИЯСЫНАН ОН ЕКІ МЫҢДЫҚ ПОЙЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Он екі мың тонналық жүк пойызы тиелген көмірді 30 сағатта РФ Малорефтин станциясына жеткізетін болады.

Жылжымалы құрам арнайы жасалған кесте бағдарымен Ерейментау, Бурабай шипажайы, Жаңа Есіл станцияларына ғана локомотив бригадаларын алмастыру үшін аялдайды.

Екібастұз станциясынан шыққан ауыр он екі мың тонналық пойызды жүздеген мың шақырымдарды артқа тастаған тәжірибелі локомотив бригадасы жүргізуде. Машинист Кенжебай Шәріпов пен машинистің көмекшісі Асхат Оразбаев сапарға шығар алдында үш секциялы KZ8А сериялы электровоздарын құрастыру мен басқару жөніндегі тәжірибелік сынақтан өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жылжымалы құрам тартымын пайдалану департаментінің хабарлауынша, мұндай ауыр жүк тартатын пойыздарды жасақтау соңғы жылдары аса маңызды болып отыр.

Бұл өз кезегінде вагон айналымы жылдамдығын арттырады. Теміржолдың өткізу әлеуетін көтереді. Сонымен қатар, жылжымалы құрам тартымын пайдаланудың сапалық көрсеткіштерін жақсартады.

Атап өтерлігі, қарапайым жылжымалы құрамдар алты мың тонна көмір тартады. Олар негізінен, екі секциялы локомотивтен тұрады.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

69 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер