Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, сәуір айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде 20,7 млн. тонна жүк тиелді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,4 % жоғары көрсеткіш.
Оның ішінде 7,9 млн. тонна көмір тиелсе, ол өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 4% жоғары көрсеткіш. 2017 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 876 мың тонна астық тасымалданса, ол 33,9% жоғары көрсеткішті құрады.
Биылғы жыл басынан бері жалпы тиелген жүк көлемі 80,9 млн. тоннаны құрап, 7,1 % жоғары болып отыр. Оның ішінде осы төрт айда 3,8 миллион тонна астық тасымалданды. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4 % жоғары.
2018 жылғы төрт айда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы 71 млрд тонна-км құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 % артқандығы байқалды.
Оның ішінде сәуір айында жүк айналымы 18 млрд. тонна-км құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,7% жоғары болды.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...