Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша айлықтың қорытындысын өткізді
1746 / 25.04.2018 17:39

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша айлықтың қорытындысын өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында «Еңбек қауіпсіздігі бойынша арнайы еңбек режимі» тақырыбында санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мен еңбекті қорғау бойынша айлық өтті.

Іс-шараның мақсаты - жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің жай-күйін бағалау, қызметкерлергді арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.

Айлық шеңберінде еңбек қауіпсіздігін насихаттауға, өнеркәсіптік жарақаттардың алдын алу және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өтті.

- Айлықтың қорытындысы барлық құрылымдық бөлімшелерде әлеуметтік-тұрмыстық жағдай қанағаттанарлық, жұмыс орындары мен демалыс орындарының эстетикалық мазмұнына көңіл бөлінетінін көрсетті. Жалпы алғанда, іс-шара қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтайтындығын, жеке қорғаныс құралдарын, арнайы киім-кешек пен арнайы аяқ киімді қолданатындығын көрсетті. Сондай-ақ, айлық барысында еңбекті қорғау саласындағы кейбір кемшіліктер анықталды және оларды жою мерзімдері белгіленді», - деп айтты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның техникалық саясат жөніндегі вице-президентінің қ.а. Иван Костыря.

Айлық барысында ерекше жағдайларда, оның ішінде қолайсыз ауа-райы жағдайындағы іс-әрекеттер бойынша техникалық сабақтар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар өткізілді.

Сызықтық бөлімшелерде үздік санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, үздік демалыс бөлмесі, азық-түлік бөлмесі және басқалары бойынша конкурстар қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Поделиться:
Популярные новости
24 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

459 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер