Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН МАШИНИСТ ПЕН ЖОЛСЕРІКТІҢ ОТБАСЫНА КӨМЕКТЕСТІ
1787 / 03.04.2018 16:25

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН МАШИНИСТ ПЕН ЖОЛСЕРІКТІҢ ОТБАСЫНА КӨМЕКТЕСТІ

Қызылордалық теміржолшылар мен филиалдың «Нұр Отан» партиясы бірлесіп, өрт салдарынан зардап шеккен машинист пен жолаушылар пойызы жолсерігінің отбасына көмек берді.

Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинисі Өмірхан Қариев пен жолаушылар пойызының жолсерігі Гүлжан Сералиеваның үйлері өздері жоқта өртке оранған болатын. Өрт пешті дұрыс іске қоспау салдарынан болған.

Қызылорда жол бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев теміржолшыларға әріптестеріне көмек беру туралы алдымен үн қосып, қайырымдылық қорына алғашқы болып қаржы салды. Филиал директоры үш баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Г. Сералиеваның отбасына азық-түлік себетін жіберді.

Теміржол құрылымының барлық еңбеккерлері бұл бастамашылықты қолдап, екі отбасына да қаржы жинап, үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге көмектесті.

«Барлық теміржолшыларға осындай қиын сәтте қол ұшын созғандары үшін алғысым шексіз. Барлығын қосқанда үйдің 70 пайызын күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік алды»,-дейді А. Арысбаев.

Поделиться:
Популярные новости
25 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

462 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер