Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1801 / 22.02.2018 14:41

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2018 жылды «Станция бастығының жылы» деп жариялады

Таразда теміржол станциялары бастықтарының қатысуымен теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шарасына арналған республикалық семинар кеңес өткізілді.


Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің базасында өткен семинарда 2017-2020 жылдарға арналған қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұймдастыру шараларының Бағдарламасы талқыланды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры Берік Ізтілеуов Бағдарламаның персоналды бағалау және еңбеккерлерді оқыту, білімін жетілдіру кезіндегі маңызына тоқталды. «Қазірдің өзінде теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту Орталықтарында 1224 еңбеккер білімін жетілдірді».

Өңірдегі және желі бойындағы мамандарға арналған тәжірибе алмасу оқу-семинарлары өткізіліп тұрады. Кәсіби қауіпсіздікті көтеру мақсатында экологиялық менеджмент сабағы өткізіледі.

«Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғаларының алдын алудың, анықтау мақсатында технологиялық үдерістерді жетілдіруге және автоматтандыруға маңыз беріледі»,-дейді Б. Ізтілеуов.


Теміржолдағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және алдын алу, адамдар мен малдардың, автокөліктердің жолға шығып кетуінің алдын алу, барлық салалардың, оның ішінде әскерилендірілген күзет қызметі, көлік прокуратурасы, полиция, көліктегі аумақтық бақылау органдары бірлесе қызмет етуде.

Семинарда теміржолшылар теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы өзара тәжірибе алмасты. Өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Семинарға қатысушылар теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудағы станция басшыларының ролінің зор екендігін атап өтті. Қазақстанның теміржолдарында 836 станция жұмыс істейді.
«Станция бастығының дәрежесін көтеру керек. Бұл бастамашылық – станциялардың өндірістік көрсеткіштерін көтерудегі жауапкершілікті күшейтеді»,-дейді Б. Ізтілеуов.

«Станция бастығы лауазымына тәжірибелі және зор білімді адамдар тағайындалғаны жөн. Олар өз кезегінде әрбір адаммен тіл таба алатын, басқа салалардың жетекшлерінің алдында абырйлы болуы тиіс»,-дейді Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директорының орынбасары Ү. Рысбеков.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 2018 жылды «Станция бастығының жылы» деп жариялады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



Поделиться:
Популярные новости
4 / 16.07.2025

Қытай арқылы теміржолмен Вьетнамға қазақстандық бидай жөнелтілді

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...

12 / 15.07.2025

Вагон шаруашылығы қызметкерлері күні Илецк станциясында аталып өтті

Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, о...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер