Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1972 / 13.02.2018 15:52

Ақпанның алғашқы онкүндігінде астық тасымалы 2,5 пайызға артқандығы байқалды

Ақпанның алғашқы онкүндігінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүк айналымы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 пайызға өскен. Жүк тиеу көлемі 1,8 пайызға көтерілген.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда астық тасымалы 11 пайызға көтерілді. Оның ішінде елішілік бағдарға 50,5 мың тонна болса, 139,7 мың тонна сыртқа шығарылған.

Ұн өнімдерін тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 97% құрады. Ұн өнімдерін тасымалдаудың азаюы, нарықтың ұн өнімдеріне сұранысы азаюы мен Ауғанстанда ұнның бағасының төмендеуі әсерінен болып отыр.

Әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы көмір тиеу көлемі өткен жылғы жылу беру маусымына қарағанда сегіз пайызға өсті.

Импорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі 1,5 миллион тонна құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16 мың тоннаға жоғары көрсеткішті құрады.

Экспорттық бағдардағы жүк көлемі 8,3 миллион тонна құрады. Қытаймен шекара өткелінде Қытайдан 26 %, Өзбекстанға - 58 %, Ақтау порты арқылы 27% өсті.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы 361 контейнерлік пойыз өтті. Оның ішінде Қытай- Еуропа бағдарына 135 пойыз, кері қарай Еуропа-Қытай бағдарына -109 пойыз өтті.

Ченду- Достық-Лодзь бағдарында да өсім байқалады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
33 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

486 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер