Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ағылшын тілді тауар кассирі
1935 / 30.01.2018 16:16

Ағылшын тілді тауар кассирі

Атбасар станциясында сырттан келіп қызмет ететіндер некен-саяқ. Қайсы бір теміржолшымен сөйлессеңіз де, өздері туып-өскен жерде, әулеттің ата кәсібін жалғастырып, еңбек етіп жатқанын айтады. Солардың бірі – тауар кассирі Светлана Французова осы Атбасар қаласының тумасы, теміржолшылар әулетінің өкілі.

Светаға тауар кассирінің жұмысы өте ұнайды, жүк жөнелтуші клиенттермен жұмыс істеп, олардың жүк вагондарын «АСУ ДКР» жүйесі арқылы қабылдап, тіркеп, төлемін жүргізіп отырады. Жіберген жүктеріне, немесе құжаттарға қатысты әлдебір мәселе туындай қалса, олардың бәрі Светаға жүгіріп келеді. Ашық та жайдары мінезді келіншектің адамды өзіне еріксіз үйіріп алатын ерекше қасиеті бар, жіті қимылмен клиеттің шаруасын шешіп беріп, күлік-күмәнін де әп-сәтте сейілтеді. «Ох, Света, сен болмасаң…», «Рахмет сізге, енді алаңсызбын!» деп алғысын жаудыратын жандарға күле жауап беретін тауар кассирінің кейде жүйке жұқартар жұмыста да қабақ шытқанын көрмейсіз, үнемі көңілді жүреді.

Мектеп бітіргенде әулет жолын таңдауға кеңес берген анасының тілін алмай ағылшын тілін меңгеруге ден қойып, лингвист мамандығын алған Светлана жоғары оқуын тәмамдағанмен, түбі айналып бәрібір теміржолға келді. Мұндайда еріксіз қазақтың «Ат айналып, қазығын табар» деген мақалы еске түседі. Содан бері өткен 15 жыл ішінде, ол осы мамандығының қыр-сырына әбден қанықты. Қазір басқа ешқайда кеткісі жоқ. Келген бетте Павлодар темір жол мектебінде 3 айлық курстан өтіп, қалған білімді жұмыс барысында оқып, ізденіп жүріп жинады, бүгінде өз мамандығын бес саусақтай меңгерген нағыз теміржолшы екеніне сенімді.

– Атам – Ағадырда паровоз жүргізушісі машинист болған. Әке-шешем, әпкем, ағаларым – бәрі де теміржолшылар. 2003 жылы бұл жұмысқа анамды шақырған. Ол кісі өмір бойы вокзал қызметкері болған. Анам маған кеңес берді. Осылай мен де теміржолға келдім. Маған бұл сала тұрақты табысы, қоғамдағы жоғары беделімен ұнайды. Ауысымдық қызметте 6 тауар кассирі жұмыс істейміз. Тәулігіне 30-80-дей вагонға құжат ресімдейміз. Қазір бұрынғыға қарағанда жүк айналымы артып, жұмыс көбейді, – дейді Светлана.

Бүгінде бір қыздың анасы және екінші баласын күтіп жүрген теміржолшы, тауар кассиріне керек қасиеттер – ең алдымен асқан мұқияттылық, зор жауапкершілік, жұмысқа қабілеттің жоғары болуы, шапшаңдық екенін айтады. Ол келгелі компьютердегі жұмыс бағдарламалары бірнеше рет өзгерді. Сондай жаңашылдықтарға тез бейімделіп, жеделхаттар, нұсқаулықтарды оқып, жаңа нәрсені меңгеруге жадының да мықтылығы керек.

Ұжымы ұйымшыл, тату және бірыңғай әйелдерден құралған. Бір-бірене қашан да көмек қолын созуға дайын. Ал арнайы оқыған ағылшын тілінен лингвист мамандығы да зая кетпейтін көрінеді. Жұмыс барысында шетелдерге жөнелтілетін кейбір жүк құжаттарын ағылшын тілінде толтыру барысында Светланаға осы білімі де көп көмек болады екен. Тіпті кейде жүк жөнелтетін бизнесмендер қажет етіп, «әлгі ағылшын тілді тауар кассирі қайда, маған сол қызмет көрсетсе…» деп іздеп келеді екен. Әулет жолын жалғастырып, тағдырын теміржолмен байланыстырған таңдауына Света еш өкінген емес.

"Қазақстан темiржолшысы"

Поделиться:
Популярные новости
22 / 03.07.2025

ҚТЖ басқарма төрағасы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Талғат Сағиев...

23 / 02.07.2025

Жедел деректер бойынша 2025 жылдың 6 айында 150,1 млн тонна жүк тасымалданған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық

Экспорттық тасымалдар тұрақты өсім көрсетуде — экспорт көлемі 9% артты. Атап айтқанда, астық экспорты — 65%, құрылыс жүктері — ...

20 / 02.07.2025

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері ТЭ36А сериялы жаңа тепловоздар бойынша Қытай Халық Республикасында оқудан өтті

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС пен CRRC Dalian Co., Ltd. арасындағы ТЭ36А жаңа сериядағы магистральді тепловоздарды жеткізу жөніндегі ...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер