Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алтынкөл станциясында жүк айналымы 7 миллион тонна құрады
1836 / 22.12.2017 00:00

Алтынкөл станциясында жүк айналымы 7 миллион тонна құрады

22 желтоқсанда Алтынкөл теміржол станциясында екінші қазақстан-қытай теміржол шекаралық өткелінде алғашқы жүк қозғалысы ашылды. Алғашқы екі қазақстандық және қытайлық пойыздар қарама-қарсы бағыттарға шықты.

Қазіргі таңда станция Қазақстан инфрақұрылымдық негізін қалыптасырудағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрылымындағы тиімді нүкте болып табылады. Онда мультимодальдық логистиканы, ірі өндіріс орындары мен сауданы дамытуға барынша қолайлы өңір.

Бес жылда 230 мың вагонға 6,6 миллион тонна тиелген жүк тасымалданған. Жыл басынан бері 1,5 миллион тонна жүк өңделді.

«Қазіргі таңда біз тәулігіне 20 пойызды Қытай тарабынан қабылдаймыз. Бір мезгілде сегіз пойызды «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының, «Кедентрансервис», «Еуротранзит» үш тиеу-түсіру алаңына жібереміз»,-дейді Алтынкөл станциясының бастығы Жандос Ұнтақбаев.

Станцияда өндірістік үдерістердің бәрі автоматтандырылған. Шекаралық станциядағы тасымалдауды басқару толықтай автоматтандырылған жүйемен атқарылады. Ол өз кезегінде қолмен атқарылатын өңдеу мен ақпараттың қайталануын болдырмайды. Станция бағыттауыш бұрмалары мен белгі беру жүйесі микропроцессорлық орталықтандырылған желімен басқарылады.

«Біздің станция үш парктен тұрады. «А» паркі кең табанды, «Д» паркі тар табанды, «Т» паркі транзиттік жолаушылар вокзалы шекаралық қызметтердің жылжымалы құрамды тексеруіне арналған»,-дейді Ж. Ұнтақбаев.

Оның айтуынша, «станцияда кедендік, карантиндік, фитосанитарлық, шекаралық бақылау қызметтерінің өзара үйлесімді жұмыс жасауына ерекше жағдай жасалған.

«Астана1» бағдарламасы пойыз келіп, тоқтағанға дейін ол туралы толық ақпаратты екі сағат бұрын, кейде бір тәулік бұрын алады. Бұл пойыздың жүгін тиеп, түсіру уақытын қысқартады. Алдын ала ақпарат алмасу нәтижесінде пойыздар кезек күтіп 8-10 сағат тұрып қалмайды. Қазір бір пойызды өңдеуге орташа алғанда шамамен 3 сағат 55 минут жұмсалады».

Қазіргі таңда Алтынкөл станциясы Еуразиялық құрлықтағы маңызды теміржол желісінің маңызды нүктесі саналып, Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия, ТМД, Еуропа, Иран, Түркия, Парсы шығанағы елдеріне шығатын жаңа көліктік хабы болып жасақталды.

Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

118 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер