Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1466 / 03.11.2017 18:44

Қазақстан теміржолшылары жыл басынан бері 6 миллион тонна астық тасымалдады

Жаңа астық өнімдері теміржолдағы ішкі және сыртқы тасымалдың өсуіне ықпал етті. Биылғы он айда 6,3 миллион тонна астық тиелді. Қазақстан теміржол желілерінде қазан айында 1,2 миллион тонна жаңа астық пен ұн өнімдері тиелді.

Атап өтерлігі, ағымдағы жылы экспорттық тасымалдың географиялық аясы жаңадан итальялық нарықтың ашылуына сәйкес кеңейген. Бұл бағдарға 200 мың тонна астық жөнелтілді. Қазіргі таңда экпорттық бағдардың көрсеткіші арта түскен. 2016 жылмен салыстырғанда Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Түркия, Индияға астық тиеу көлемі артқан. Ауғанстан мен Қытайға ұн тиеу көлемі өскен.

Ұлттық тасымалдаушының негізгі міндетінің бірі агроөнеркәсіп саласы еңбеккерлерінің өнімдерін тоқтаусыз тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.

«Қазіргі жүк көлемінің артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің тапсырысымен астық тасымалдауды уақытында атқару үшін барлық шараларды қолдануда. Тапсырыс күннен күнге өсе түсуде. Біз жүк жөнелтушілерді ұлттық тасымалдаушымен ұзақмерзімдік серіктестік орнатуға шақырамыз. Мұның маңыздысы жоспарлау тиімділігі және тасымалдау үдерісінің нормативтерін белгілеу арқылы тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ете аламыз»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры Айдар Исақов.

Жылма жыл астық пен ұн өнімдерін тасымалдауды тұрақты үйлестіріп отыру мақсатында жүк жөнелтушілер, жергілікті атқарушы органдар, теміржолшылар, вагондардың жеке операторларының бірлескен штабы қызмет етеді.

Ақмола және Қостанай жол бөлімшелерінде астық пен ұн тасымалдауды ұйымдастыруды жедел жұмыс тобы штабы тәулік бойы атқарады. Жүк жөнелтушілердің тапсырыстарына орай, астық тасымалдау жоспарын жасақтап, оны тәулік ішінде орындап, астық вагондармен тиісті мөлшерде қамтамасыз етуді бақылау қатаң жүзеге асырылады.

Қазақстандық астық өндірушілердің өнімін тасымалдауға 6289 «АстықТранс» АҚ астық вагондары тартылған. Оның сыртында 2 мың астық вагондары мен мың жабық вагондар жекеменшік иелерінің қолында. Оған қосымша, «Русагротранс» АҚ-ның 400 астық вагоны тартылған. Оның сыртында, Орта Азия, Украина, Балтық жағалауы елдері теміржол әкімшіліктерінің паркі тартылды.

Қазақстан қазан айында астық тасымалына 9 мыңға жуық вагон тартып, тасымалдау үдерісіне қатысатын барлық компаниялардың жұмысын үйлестіріп отырған жағдайда бір миллион тонна астық тасымалдауға болатын еді.

Мәселен, өткен жылы осы айда бір миллион тонна астық 7300 вагонға тиелген болатын.

Атап өтерлігі, бұрын Қазақстан астығын тасымалдауға тартылып келген ресейлік компаниялар биыл ол елде рекордтық егін жиналғандықтан, келе алмады. Оның сыртында, қазақстандық вагон паркінің де солай қарай ойысуына онда астық тасымалына жоғары мөлшерлеме тағайындалуы да себеп болып отыр.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» астық пен ұн өнімдерін тасымалдауға жаңа технологияларды пайдалануда. Ең маңыздысы жүк пойыздарының белгіленген кестемен және нақты бағдар бойынша жүргізілуі. Бұл өз кезегінде жүкті жіберілген бекеттен бағытталған соңғы нүктеге дейін жедел жеткізіп, тасымалдау уақытын қысқартуға себеп болады.

Сонымен қатар астық тасымалдаудың желілік маусымдық мультимодальдық кешені өндіріске енгізілді. Жүктер алдын ала «Take or pay» тәртібінде ( кезең-кезеңді рейстер) жүктерді вагондармен белгіленген кесте бойынша сол мерзімде жеткізуі көзделеді. Мұндай механизм вагондардың, кемелердің көрсеткішін жақсартып, Ақтау терминалының толық қуатында қызмет көрсетуіне ықпал етеді. Мұндай қызмет түрлері астық нарығындағы тасымалдау тізбегіне барлық қатысушылардың жұмысын бір мақсатқа шоғырландырады.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
145 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

251 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

97 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер