Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1901 / 16.10.2017 17:12

Шымалғанда локомотив бригадасыбір автобус жолаушыларды құтқарып қалды

Алматы локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы Алматы-Отар телімінде жолаушылар автобусымен соқтығысып қала жаздады. Машинистердің шұғыл тежегішті басып тоқтатуының нәтижесінде, Алматы-Қаскелең бағдарында келе жатқан автобус толы жолаушылар апаттан аман қалды. Шымалған станциясының маңында теміржол өткелінің жабық болғанына қарамастан, автобус жүргізушісі сапарын жалғастыра берген.

«Мен жолдан автобусты көрген бойда белгі бердім. Бірақ ол ешқандай дыбысқа назар аудармады. Амалсыздан шұғыл тежегішті басып, жылжымалы құрамның толық тоқтауына мәжбүр еттім. Пойыз автобусқа 500 метрдей жерге тоқтады. Бақытымызға орай, барлығымыз да аман қалдық. Автобустағы жолаушылар да аман»,-дейді машинист Жанат Құлдаров.

Алматы жол бөлімшесінің хабарлауынша, машинист пен оның көмекшісінің кәсіби біліктілігі мен қиын сәтте шұғыл шешім қабылдауы ауыр трагедиялық жағдайдан сақтады.

Аталмыш жол өткеліне шлагбаум орнатылған. Дыбыстық және жарық беру қондырғылары бар. Солай бола тұра, автокөлік жүргізушілері қозғалыс қауіпсіздігі шараларына мән бермейді. Автокөлік жүргізушілері теміржол бойы аса қауіпті аймаққа жататындығын қаперде ұстай бермейді.  

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер