Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Маңғышлақ станциясында вагон қараушы Берік Дүйсембаев пойызды техникалық тексеру кезінде пойыз қозғалысына аса қауіп келтіретін жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуіне себеп болатын ақауды анықтады.
Теміржолшылардың хабарлауынша, тіркемесінің бүйір жақтаушасында жарықшақ пайда болған вагон жедел түрде, жылжымалы құрамнан ажыратылып, жөндеуге қойылды.
Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Сәрсенбай Есенқұловтың айтуынша, вагон қараушы Б. Дүйсембаев өзінің міндетін үлкен жауапкершілікпен атқарады.
С. Есенқұлов Б. Дүйсембаевтың вагон қараушы болып он жылдан бері қызмет етіп келе жатқандығын айтады. Бұл оның вагон ақауын тауып анықтап отырғаны бірінші рет емес. Вагон қараушы теміржол қауіпсіздігін сақтау Қоры сыйлығының лауреаты болып табылады.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...