Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Шымкент жол бөлімшесінің күзетілетін өткелінде жүк көлігі жабық шлагбаумды бұзып өтіп, локомотивке соқтығысты
1993 / 05.10.2017 15:14

Шымкент жол бөлімшесінің күзетілетін өткелінде жүк көлігі жабық шлагбаумды бұзып өтіп, локомотивке соқтығысты

4 қазанда 16 сағатта Шымкент жол бөлімшесінің Қызылсай- Қазығұрт теліміндегі күзетілетін өткелде электровоз бен «Шансиман» жүк көлігі соқтығысты.

Электровоз сағатына 30-35 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Локомотив бригадасы мен автокөлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Пойыз қозғалысы кестесіне зиян келген жоқ.

Оқиға болған өткелде кезекшілік еткен «ОЙЛ Секьюрити» ЖШС күзетшісі Нұрболат Жарасовтың айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі шлагбаумның жабық болғанына қарамастан, тоқтамаған күйі әрі қарай өтіп кетпек болған.

-Жүргізуші менің дабылыма құлақ асқан жоқ. Автокөлік шлагбаумды қағып өтіп, теміржолға шығып кетті де, электровозбен соқтығысты»,- дейді ол.

«ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ барлық жолаушыларға теміржол өткелдерінен өтерде абай болуларын сұрайды. Өткелдердегі апатты жағдайлардың дені автокөлік жүргізушілердің кінәсінен болып жатады. Жүргізуші алдымен жолдағы ескерту белгілеріне, бағдаршамға, шлагбаумға, жол өткеліндегі кезекшінің ескертуіне құлақ асуы тиіс. Жолға жақындағанда міндетті түрде пойыздың жақындап қалмағанына сенімді болуы тиіс.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер