Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2014 / 22.09.2017 14:02

Келесі жылы ҚР мен ҚХР теміржол өткелімен 12 миллион тоннадан астам жүк өткізу жоспарланып отыр

Биылғы жылдың 8 айында Қазақстан мен Қытайшекаралық теміржол өткелдері арқылы жүк тасымалы көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 29 пайызға артқандығы байқалды.

Биылғы жыл басынан бері Достық- Алашаңқай және Алтынкөл-Қорғас арқылы 7 миллион тонна жүк өткізілген. Жыл аяғына дейін 10,6 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 миллион тонна жүк Қытайдан Қазақстанға кірсе, Қазақстаннан Қытайға қарай -5,6 миллион тонна жүк бағытталмақ.

2018 жылы Достық-Алашаңқай мен Алтынкөл- Қорғас арқылы жалпы көлемі 12,3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Оның ішінде Қытайдан Қазақстанға -5,8 миллион тонна, Қазақстаннан Қытайға қарай -6,5 миллион тонна жүк жіберілмек.

Бұл мәліметтер Үрімжіде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мен Үрімжі темір жолдары өкілдерінің қатысуымен өткен ҚР мен ҚХР шекаралық теміржолдары аралас комиссиясының 26-шы Кеңесінде жарияланды.

Кеңес барысында екі елдің шекаралық теміржол өткелдерін пайдаланып, халықаралық жүк тасымалын дамыту жайы талқыланды.

«Отырысқа қатысушылар екі ел арасындағы теміржол әкімшіліктерінің өзара тиімді қарым-қатынасы мен шекаралық өткелдердің әлеуетін пайдалану нәтижесін жоғары бағалады. Оның ішінде Қытай-Еуропа, Қытай-Орта Азия бағдарында контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру мен пайдалануды одан әрі дамыту түсуді қолдады»,- дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры Сәрсенбек Джапаров.

С.Джапаровтың айтуынша, отырыста Достық-Алашаңқай мен Алтынкөл- Қорғас шекаралық өткелдерін пайдаланып, «Қазақстан –Еуропа» және«Қытай-Қазақстан-Орталық Азия контейнерлік пойызын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Тараптар ҚР мен ҚХР шекаралық теміржол өткелдеріндегі жүк тасымалы көлемін арттыру және халықаралық контейнерлік пойыздардың жиілігін ұйымдастыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Үрімжі темір жолдары арасында Үрімжі (Қытай) – Қазақстан (Орталық Азия/Еуропа) бағдарындағы халықаралық контейнерлік пойыздарды ұйымдастырудың тәртібін» бекітті.

Поделиться:
Популярные новости
26 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

469 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер