Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жылу беру маусымы қарсаңында көмір тасымалдау жайы талқыланды
1689 / 24.08.2017 18:12

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жылу беру маусымы қарсаңында көмір тасымалдау жайы талқыланды

24 тамызда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында Компания басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен алдағы жылу беру маусымы қарсаңында көмір тасымалдау мәселесіне арналған кеңейтілген кеңес өткізілді. Кеңеске жүк жөнелтушілер, экспедиторлар, қуат өндіруші сектор өкілдері, облыс әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылу отындарын тасымалдау бойынша тапсырмаларды толығымен орындап келеді. Көмір тасымалдау мен экспортқа шығару көлемі артып келеді.

Биылғы жеті айда Қазақстанның теміржолдарымен 56 миллион тонна көмір тасымалданып, 2016 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде 18 миллион тонна көмір экспортқа жіберілсе, 38 миллион тонна елішілік бағдарларға жіберілген.

Тасымалдау көлемінің артуына жылжымалы құрамды тиімді пайдалану мен вагон айналымының 21 пайызға жақсарғаны ықпал етті.

Қатты отындарды тасымалдауға ашық вагондарға сұраныс жоғары. «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон паркінің күшімен жылу отындарын тиеудің негізгі бөлігін атқаруға мүмкіндігі бар. Көптеген ашық вагондар жеке иеліктегі операторлардың меншігі болып табылады. Айта кетерлігі, көмір арзан тауарлардың бірінен саналғандықтан оны тасымалдау магистральдің шығындарын жаппайды. Сондықтан да «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұзақмерзімдік келісімдер жасауға мүдделі.

«KTZ Express» АҚ вагондарының тарифы нарықтық мөлшерлемеден төмен болғандықтан кәсіпорын қазіргі кезде биржалық сатуға көшті. 2018 жылғы қаңтардан бастап толығымен электрондық сатуға көшпек.

Инвестиция және даму министрлігінің көлік комитетінің теміржол көлігі басқармасының Бас сарапшысы Ардақ Садықова жүк жөнелтушілерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен ұзақмерзімдік келісімдер жасағаны тиімді екендігін атап өтті.

Кеңес барысында сарапшылар бірыңғай экономикалық кеңістікте алдағы екі үш жылда жылжымалы құрамға сұраныс төмендемейтіндігін айтады.

ҚР Үкіметіндегі кеңес, ҚР Табиғи монополияны реттеу комитеті, «Атамекен» ҰКП өткізген кеңестерде 2016-2017 жылу беру маусымында операторлар белгіленді. Ол кезде шамамен ашық вагондарды тәуліктік жалдау құны 4150-4500 теңге көлемінде қалыптасатын болады. «KTZ Express» АҚ қазіргі таңда вагондарды пайдалану мөлшерлемесін тұрақты ұстап, көршілес елдердің де сұранысын қанағаттандыра бастады. Қыркүйек-желтоқсан аралығында ашық вагондардың жетіспеушілігі 2000-3000 вагон құрайды.

«Біз өзімізге алынған ұзақмерзімдік міндеттемелерді орындаймыз»,-деді Компания басшысы. Ал, көмір тасымалдауды қосымша тапсырыстар арқылы орындау күрделі үдеріс.

Жүк жөнелтушілер өз кезегінде мұндай алқалы отырыстар мен келелі кеңестердің пайдасы зор екендігін айтады.

«Біз «ҚТЖ» ҰК» АҚ кепілдемесіне орай көмір тасымалдау кезеңін көктемгі және жазғы мезгілге бір деңгейде ұстауға көңіл бөлудеміз. Сол кезде ешқандай қиындық болмайды»,-дейді «Топтранс Ақмола» ЖШС директоры Берік Ешхатов.

Алдағы жылу беру маусымында көмір тасымалдауды дер кезінде атқару теміржолшылар үшін ғана маңызды емес, оны көлік нарығына қатысушылармен, жүк жөнелтушілер, операторлар, жүк қабылдаушылармен бірлесе отырып шешу табысты болатыны сөзсіз.

Поделиться:
Популярные новости
57 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

65 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

147 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер