Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ерлік осылай туады...
1743 / 07.08.2017 14:54

Ерлік осылай туады...

Ұлы Мәртебелі Қауіпсіздік – теміржол көлігінде көздің қарашығындай сақталатын осы бір қасиетті ұғымды қастерлеу барлық теміржолшы үшін заңдылық.

Қарағандылық машинист Ерболат Жүнісов пен көмекшісі Максим Гаюк үстіміздегі жылдың 8 маусымында төтенше жағдайға тап болды...

Әдеттегідей, №83 Қарағанды – Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатқан машинист Ерболат Жүнісов көмекшісімен екеуі Астана станциясына кіреберісте, өздері бағыт алған жолда №238 жолаушылар пойызымен бетпе бет келеді. Уақыт күндізгі 11 сағат 12 минутты көрсетіп тұрған. Машинист көмекшісі М.Гаюк жол бос емес, пойыз тұрғанын, яғни бағдардың дұрыс дайындалмағанын хабарлағанда машинист Ерболат дереу тежегішке жармасып пойызды тоқтатып үлгереді...

Осылай, сын сағатта сасқалақтамай, салиқалы да сауатты әрекет етіп, кәсіби біліктілік таныта білген Ерболат Жүнісов пен М. Гаюк екі жолаушы пойызының соқтығысуын болдырмай, темір жол көлігіне өз өмірлері мен денсаулықтарын аманаттап табыстаған жолаушыларды діттеген жеріне дін аман жеткізді. Ерлік емей, немене?!

Кейіпкеріміз Ерболаттың темір жол саласында жұмыс істеп жатқанына он бес жылдың жүзі болыпты. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген қанатты сөз осы Жүнісовтер әулетіне арналып айтылса керек.

-Әкем Балғабай машинист. Таяу арада зейнетке шығады. Әкемнің ізін мен де, інім де жалғастырдық. Бір үйден үш машинистпіз. Әзірше, інім машинист көмекшісі, оның да арманы машинист болу, – деп сыр шертті машинист жігіт.

Ағадырда туып өсіп, сол жерде еңбек жолын бастаған Ерболат 2013 жылдан бері Қарағанды сұрыптау локомотив пайдалану депосының электровоз машинисі. Әкесінің тәрбиесімен депода өтетін техникалық сабақтардан үнемі қалмай, білімін жетілдіріп отыру - Ерболаттың басты қағидасының бірі. Қолы боста күрес және теннис сияқты спорт түрлерін ермек етіп, өсіп келе жатқагн үш баласының тәрбиесімен айналысады. «Кім білген, менің де балаларымның бірі өскенде машинист мамандығын таңдар...» деп армандайды.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

297 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

40 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер