Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2569 / 23.02.2012 00:00

Жас машинистің арманы

Қаладан ауылға, мұнай саласынан темір жолға ауысу, әсте, кез келген адам үшін оңай қадам емес. Алайда осы екі бірдей маңызды шешімді облыс орталығындағы мұнай компаниясында қызмет етіп жүрген Нұрболат Бодықов тез әрі дұрыс қабылдапты.

—Бала кезімізде ауылымыздың үстінен темір жол түгілі дені дұрыс автожол да өтпейтін. Сондықтан теміржолшы боламыз деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін. Ауыл тұрғындары, әсіресе жастар жұмыссыз болды. Санаулы мұғалімдер мен дәрігерлер болмаса, жұртшылық жаппай жұмыс жасайтын өндіріс орны да болмады. Қазіргі темір жол өтіп жатқан жерде бала кезімізде шағын әуежай болатын. Ауылдан облыс орталығына үлкен емес ұшақтар қатынайтын. Ал тәуелсіздік алған жылдары ауыл маңындағы алаңда ат жарыстар ұйымдастырылатын. Кейін жер тегістеліп, жол тартыла бастады. Араға жылдар салып, алғашқы пойыздар өте бастады, - деп еске алады Әйтеке би айналым локомотив депосының жас машинисі Нұрболат Бодықов.

Сегіз жылдай қалада, қатардағы жұмысшы болса да білдей бір мұнай компаниясында жұмыс істеп жүрген ол туған ауылына темір жол тартылып, жаңа тармақ іске қосылады дегеннен қаладағы жұмысын тастап, ата-анасының қасына жол тартады. Машинистік курс оқиды. Екі жылдай машинист көмекшісі болды. Ең алғаш локомотивті жүргізгені әлі есінде. Алданыш Бокубаев есімді әріптес ағасымен Әйтеке би станциясынан Никельтауға бір, Арқаға екі барды.

— Әзірге жүк пойыздарын тасымалдаймын. Негізінен, астық, көмір, ағаш, құрылыс материалдары. Бір сапардан келген соң кемінде 16 сағат тынығуымыз керек. Егер басқа станцияға аттансақ, ол жақта аз дегенде кемінде 4-5 сағат дем алуымыз қажет, - дейді кейіпкеріміз.

Барлық машинистер секілді Нұрболаттың да арманы жолаушылар пойызын жүргізу. Өткен теміржолшылар мейрамында үшінші сыныпты машинист атанған. Сыныпдәрежесін жоғарылатып, тағы да тәжірибе жинақтап, жолаушы тепловозының оң қанатына отыруды армандайды және мақсатына жетеріне сенеді. Отызға енді толған жас жігіт үш баланың әкесі, кәсібінің арқасында отбасын асырап отыр. Өлкеге болат жолдың тартылуымен бүгінде ауыл халқының шамамен 70 пайызы жұмыспен қамтылғанын айтады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе 

Поделиться:
Популярные новости
1953 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3538 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2693 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер