Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2603 / 21.06.2011 00:00

Үміт отын жаққан жандарға мың алғыс!

Жанұямыздың тіреушісі, қамқоршысы, отағасы – Ағыбай Тагимов Шиелі депосында 1984 жылдан бері тепловоз машинисі болып еңбек етіп келді. Жемісті еңбегінің арқасында абыройлы болды. Жазмыштан озмыш бар ма, үстіміздегі жылдың 23 сәуір күні жол апатына ұшырап, дүниеден өтті. Бұл біздің шаңырағымызды шайқалтқан үлкен қасірет еді. Бірақ, «Әлем қайырымды адамдарсыз емес» дегендей, осындай қиын сәтте отағасымыздың ұжымы қол ұшын беріп, соңғы бақилық сапарға аттандыруға барынша көмектесті. «Ендігі жағдайымыз не болады?» – деп тағы уайымдадық. Себебі, шаңырақта еңбек ететін ешкім жоқ болатын. Осы кезде тағы да отағасы жұмыс істеген Шиелі депосының ұжымы көмекке келді. Қызылордадағы бас депо директоры Жұлдызбай Мұсаев, ТД-6 айналым депоның бастығы Б.Отарбаев жұмыссыз отырған баламыз Төлеби Тагимовты жұмысқа алды. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей қуанышқа бөлендік. Өмірге деген үміт отын жаққан ұжымға әрдайым тілеуін тілеп, алғысымызды айтып келеміз. Мұнымен қоса 2 жыл бұрын «БТА»-банкісінің «ӨМІР»-сақтандыру бағдарламасы арқылы жолдасым Тагимов Ағыбай өмірін сақтандырған еді. Бұл да құдайдың ісі шығар, қиналып отырған кезде банк 1,5 млн. теңге беріп, жағдайымыздың біршама түзелуіне себепші болды.

Мен өзімнің және балаларымның атынан сүйікті газетім «Қазақстан теміржолшысы» арқылы жоғарыдағы азаматтарға алғысымды білдіріп, оларға зор денсаулық, игілікті істеріне толағай табыс тілегім келеді.

Жанұямыздың атынан Қызылорда, Шиелі локомотив депосы ұжымына мың да бір рахмет айтамыз!!!

Марқұмның зайыбы Ұлжан Тагимова және ұл-қыздары 

Поделиться:
Популярные новости
1988 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3585 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2733 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер