Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
2056 / 27.04.2011 00:00

Теміржол еренсіздікті кешірмейді!

Кейінгі кездері теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатындағы сақтық шаралары қанша күшейтіліп жатса да, төтенше оқиғалар статистикасы жағдайдың әлі де мәз еместігін айғақтап отыр. Өкініштісі сол, мұндай оқиғалардың көбі бейсауат адамдардың өз өміріне деген жауапсыздығынан болып, арты қайғылы қазаға соқтырып жатады. Мысалы,

осы жылдың үш айының өзінде ғана теміржол көлігімен қақтығысуға байланысты 32 оқиға тіркелген. Соның 19-ында теміржол көлігі адам қағып, 15-інде қайғылы қазаға ұшыратқан.

Әлбетте, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға болар еді, егер адамдар, жергілікті тұрғындар теміржол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпей, арнайы көпір-өткелдерді пайдаланса, ал балалар теміржолдың төңірегінде ойнамаса. Бірақ өкінішке қарай, біздің халықтың мінез-құлқы мұндай тәртіппен заңға әлі үйренісе алмай келеді.

«Локомотив» АҚ-ның бас ревизоры Сергей Чернай:

- Соңғы кездері теміржолдағы адам қағу оқиғалары, әсіресе балалардың опат болу жағдайлары қатты алаңдатып отыр. Мысалы, өткен наурыз айында Қазалы –Сексеуіл учаскесінде жүк пойызы теміржолдың бойына кенет жүгіріп шыққан 7 жасар баланы қақты. Машинист тұтқиыл тежегішін қолданса да, одан қайран болмады, өйткені пойыз салыстырмалы түрде баяу жылдамдықпен келе жатқанымен, арақашықтық тым жақын еді. Осындай қайғылы сәттен кейін көкейде еріксіз сұрақ туады: бұл бала жалғыздан жалғыз теміржолда не істеп жүр? Ата-анасы қайда? Жалпы, теміржолдың маңайында ойнау балалардың әдеті, бірақ балам қайда жүр деп ата-аналары да алаңдамайды. Бұлай болуы тиіс емес.

Асығам деп, апатқа ұрынбаңыз

Жалпы, мұндай оқыс оқиғалар ірі мегаполистерде де жиі болады. Асыққан жолаушылар көбіне айналып жүргісі келмей, жолдың келесі бетіне шығу үшін теміржолды кесіп өте салады. «Асығыстық – шайтанның ісі» деп жүрсек те, осынау нақылдың байыбына бармай, өз басымызды өзіміз саналы түрде қауіпке тігеміз. Оған мысал жетерлік. Тіпті вокзалдың өзінде екінші, үшінші жолға аспалы көпір арқылы өтуге ерініп, жол қауіпсіздігін бағып тұрған қызметкердің ысқырығына пысқырмастан, теміржолға секіріп түсіп, аттап-пұттап бара жатқандарды жиі көреміз. Сондай бір оқиға наурыз айында Семей-Шар учаскесінде болған. Келе жатқан пойызға қарамай өтіп бара жатқан адамды байқап қалған локомотив бригадасы тұтқиыл тежегішін іске қосады. Соның арқасында әлгі адам жеңіл-желпі жарақатпен аман қалыпты.

Малды мал дейік, ал адамға не дейміз?

Теміржол бойындағы апаттарға маңайда жайылған малдар да жиі себеп болып жатады. Бір өкініштісі, бұл проблема да әзірге нақты шешімін таппай келеді. Ал жыл басынан бері ғана теміржол көлігінің малмен соқтығысуының 5 оқиғасы тіркеліп үлгерді. Жарайды, малдың атын мал ғой десек, саналы адамдар мінген автокөліктерді қайда қоямыз? Осы жылдың бірінші тоқсанында ғана теміржол өткелінде автокөлікпен соқтығысудың 7 оқиғасы тіркелді. Рас, бұл бұрынғы жылдарға қарағанда, екі есе аз көрсеткіш. Бірақ қуанарлықтай дәнеңе жоқ, өйткені мұндай апаттарда ең үлкен құндылық - адам өмірі қиылады, екінші жағынан бүлінген техниканы қалпына келтіру үшін локомотившілер де зиян шегеді.

Негізі, жол-көлік оқиғаларының себептері көп, бірақ соның басым көпшілігі жол ережесін өрескел бұзудың салдарынан болып жатады. Жол ережесін бұзып, апатқа ұшыраған сондай бір оқиға өткен наурыз айында Жамбыл-Шу учаскесінде болды. Келе жатқан теміржол көлігінің дыбыстық ескерту белгісіне де пысқырмай, шойын жолды кесіп өтпек болған «Мерседес» жеңіл автокөлігін өткелде пойыз қақты. Осы апат салдарынан жеңіл көліктегі екі адам сол жерде опат болып, үш адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Тура осындай оқиға Орал стансасында да қайталанған. Онда жеңіл автокөлік жүргізушісі маневрлік тепловоздың келе жатқанын көріп тұрып, теміржолды арнайы белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғанда соғылған. Бұл жерде де арақашықтық тым жақын болғандықтан, тұтқиыл тежегіштен нәтиже болмаған. Бірақ әйтеуір жүргізушісі аман қалған.

Тізе берсек, мысал көп, егер одан шығар нәтиже болса. Теміржол көлігі жеңіл автокөлік емесін, оның жүргізушісі көліктің басқа түрлері секілді қажет жерде бұлтарып немесе айналып өте алмайтынын бәріміз жақсы білеміз. Өйткені, оның көлігі шойын рельске байлаулы. Сондықтан машинистің кенеттен туған қауіпті сәттерде істейтін жалғыз амалы, қолынан келер қайраны – тұтқиыл тежегішін іске қосу. Алайда теміржол көлігінің салмағы мен жылдамдығы, тым қысқа қашықтық тежегішті ылғи да нәтижелі ете бермейтіндіктен, апаттан жалтару қиын. Ал мұндай апаттарда кісі өмірі қиылып, қыршын жастар ажал құштырып жатады. Бұл, әрине, қанша жерден кінәсіз болса да, теміржолшыға, теміржол көлігін жүргізушілерге психологиялық тұрғыдан үлкен соққы. Өзгенің ажал құшқан сәтін көру өз алдына ауыр болса, кейін санаңа сан рет оралатын сол бір көріністен арылу кім-кімге де оңайға соқпайтыны анық. Мұндай оқиғаға тап болған локомотив бригадаларының өз-өздеріне келуі үшін біраз уақытқа пойыз қозғалысына қатысы жоқ жұмыстарға ауыстырылуы да сондықтан.

Ал теміржолда болған мұндай оқиғалардың әрқайсысы да жеке –жеке тексеріліп, жан-жақты сарапталады. Ертеңгі күні қайталанбауы үшін. Бірақ локомотив жүргізушілері бұған кепілдік бере алмайды. Өйткені теміржолдағы қақтығысу қаупінің алдын алу, болдырмау көбіне-көп сол теміржолдан тысқары адамдардың өздеріне байланысты. Ата-аналар балаларының теміржол төңірегінде ойнамауын қатаң қадағаласа, әрбір адам өз тағдырына жауапкершілікпен қарап, шойын жолды бейсауат жерден кесіп өтпей, арнайы өткелдерді пайдаланса, көлік жүргізушілері ережеге бағынып, өзгенің де тағдырына жауапты екенін сезінсе, жан-жағына жіті болса, игі. Қайғылы апаттардың болдырмаудың әзірге жалғыз жолы осы.  

Поделиться:
Популярные новости
601 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

1757 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

1492 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ

Серіктестер