Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2965 / 22.02.2011 00:00

«Екі жұлдыз» темір жолда

Балқаш локомотив пайдалану депосы «Локомотив» акционерлік қоғамының Қарағанды темір жолы бөлімшесінің оңтүстік-шығыс бағытындағы аяғына нық тұрған, іргелі кәсіпорындарының бірі болып саналады. 350 теміржолшы еңбек ететін осы кәсіпорында ел өміріндегі елеулі оқиғаларды, әр жылдың өзіндік атаулы күндері мен мерейлі мерекелерді көпшілік болып атап өту кеңінен жолға қойылған.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын үстіміздегі жылдың көтерер жүгі жеңіл емес. Балқаштық локомотившілер биылға жобалап отырған мәдени іс-шаралардың бәрін осынау айтулы датаның құрметіне өткізуді жоспарлап отыр. Жуырда депо бас­шылығының қолдауымен мұнда тұңғыш рет «Екі жұлдыз» жобасы дүниеге келді. Мәдени шара еңбекшілердің бос уақытын тиімді өткізу, теміржолшы жастардың шығармашылық бейімділігі үшін қолайлы ортаны қалыптастыру, ұжым жастары арасында өзара достық, сыйласымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді. Бұл күні ел арасына кең тараған эстрадалық және халық әндері, лирикалық туындылар көрермен назарына ұсынылды. Оған Балқаш қалалық өнер мектебінің жеке дауыста ән шырқау класының білікті маманы Г.Ахметова бас болған қазылар алқасы төрелік етті. Сонымен қатар, жиналған көрермен қауым өз жүректері қалаған әнші жұптарға СМС-хабар арқылы дауыс беруге мүмкіндік алды. Өнер сайысына алты жұп қатыстысуға тілек білдіріп, олардың дайындығына екі апта уақыт берілген болатын. Байқау «Қос аққу» және «Ән салсам...» атты екі кезеңнен тұрды. Алғашқыда қыз-жігіттер жұп құрап, эстрадалық әндерге орын берсе, екінші кезеңде жеке дауыста бақтарын сынады. Бірден айту керек, өнер байқауы теміржолшы жастардың арасында сыр-сымбаты мен жүріс-тұрысы, сән-салтанаты мен сахналық мәдениеті келіскен, ең бастысы, әдемі де әсем дауысты талантты да талапты жастардың мол екендігін көрсетті. Әсіресе, Жұманбаев Бауыржан мен Ибышева Зейнегүлдің орындауындағы «Екі лебіз», Шүлембаев Асхат пен Баяндинова Анар шырқаған «Есіл ағады», Бошаев Асан мен Қаршалова Гүлімнің орындауындағы «Айналайын» әндері көрермен көңілінен шықты.

Конкурстың екінші кезеңі де қызықты өтті. Екі кезең арасында сахнаға Бағлан Жүзбаев, Алмас Әрінов, Бауыржан Жұманбаев сынды әзілқой жастар көтеріліп, жарасымды әзіл-сықағымен жұртшылықты бір серпілтіп алды. Жеке дауыстағы ән байқауында да қатысушылардың музыкалық талғамдарының жоғары екенін байқадық. Осы тұста Бурлинов Бұланның орындауындағы Шәмшінің «Сыған серенадасы» осы кеште шырқалған әндердің кереметі болып шықты. Күнделікті еңбек барысында, бел шеше араласа жүріп, әріптестерінің дәл осындай әншілік өнері бар екендігінен бейхабар болып шыққан көрермен қауым таң-тамаша қалысып, әрбір өнерпазды жылы қарсы алып, қызу қолдап отырды. Бір ерекшелігі, байқау алғашқы рет өткізіліп отырғандықтан, ұйымдастырушылар тарапынан ешкімді бөле жармай, баршасын тең бағалап, тек жеке номинациялар бойынша марапаттау туралы шешім қабылданды. Сонымен Нұрланов Дәурен мен Есекеева Әсел «Күміс көмей», Шүлембаев Асхат пен Баяндинова Анар «Қос аққу», Бошаев Асан мен Қаршалова Гүлім «Бұлбұл үнді» номинацияларының иегерлері атанды. Бұдан басқа «Темір жолда ән тербетіп», «Дарынды әнші», «Алтын дауыс» номинацияларының да иегерлері анықталды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Өз кезегіне ұжым басшысы Дулат Ахмадиев байқауға қатысушыларды құттықтай келе, өнерлеріне ризашылығын білдіріп, жастар тарапынан байқалар кез-келген шығармашылық ынта, талап-тілектердің қашан да жан-жақты қолдауға ие болатындығына сендірді.

Қанат Ордабаев                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Поделиться:
Популярные новости
1956 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3544 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2700 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер