Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2561 / 18.02.2011 00:00

Максим КОШЛЯКОВ, Аягөз локомотив пайдалану депосының машинисі

Мен қазір Аягөз станциясында машинист мамандығы бойынша жұмыс істеймін. Қазақи ауылда туып, өскеннен кейін өзімді қазақтың «бір найманымын» деп мақтанамын. Бәлкім, мұны айтуымның өзі Қазақстандағы қазіргі тұрақтылық, жүздеген ұлт өкілдері тұрып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбітшілік­ті сүюші елдің мүшесі болғандығымнан шы­ғар деп ойлаймын.

Ал осындай тұрақтылыққа, тәуелсіздікке біз Елбасы Н.Назарбаевтың көрегендігімен, саясаткерлігі арқасында қол жеткізіп отыр­мыз. Мұндай мемлекеттік ұстамдылық болмаған күнде халіміздің қаншалықты күйде болатыны айтпаса да белгілі болар еді. Оны көрші елдерде болып жатқан қырғи қабақ соқтығыстардан, алауыздықтардан байқап жүрміз. Ол жақтардағы қиындық ел арасындағы жүргізіліп жатқан саясаттың өз мәнінде еместігінен деп білемін.

Мен Павлодар қаласындағы машинистер дайындайтын курста оқып, білім алдым. Бүгінгі күні Елбасының өзі жасатып жатқан «Эволюшн» тепловозында машинист болып жүрмін, соған өзім де қуаныштымын әрі мақтан етемін.

Елбасының қолдауымен қазірде көптеген жастар шет елде білім алып жатыр. Олардың ішінде АҚШ-тағы «Эволюшн» фирмасында болған мен сияқты машинистер де бар. Қаншама жүк пен адам тағдыры машинистерге байланысты болғандықтан, біздің жұмысымыздың ауыртпалығы да, жауапкершілігі де біздің мойнымызда болады. Сондықтан мен өз мамандығымды таңдап алған соң барынша іскерлікпен, ізденіспен атқарғым келеді.

Бүгінгі теміржолшылар съезінде Елбасы­- ның кандидатурасы кезектен тыс пре­зиденттік сайлауға ұсынылғандықтан, мен мұны қолдап, өзге әріптестерімнің де бұл ұсынысты қолдап, сайлау кезінде Елбасы үшін дауыс береді деп сенемін. 

Поделиться:
Популярные новости
1989 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3585 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2733 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер