Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2294 / 29.10.2010 00:00

Түркістандық локомотившілер

Ғасырдан астам тағылымды тарихы бар Түркістан локомотив пайдалану депосының ұжымы бұрын­ғы атақ-даңқын жоғалтпай, жемісті еңбек етіп келеді. Мұны өткен тоғыз айдың экономикалық-техникалық көрсеткіштерінен де аңғаруға болады. Тоғыз айлық жоспар млн. тонна-шақырым бруттомен өлшенетін жүк қозғалысынан, локомотивтердің орташа тәуліктік өнімділігінен, тәуліктік орташа жүрісінен және техникалық жылдамдықты арттырудан 100,2-104,6 пайыз аралығында қамтамасыз етілді.

Түркістан локомотив пайда­лану депосының директоры Мақсұт Искендіровтің айтуынша, басқа да еңбек көрсеткіштері жөніндегі жоспар толық және асыра орындалған. Сонымен бірге күзгі комиссиялық байқау да ұйымшылдықпен өткізілді. Қыс жағдайында жұмыс істеуге сақадай сай әзір отыр. Пойыз қозғалысы мен еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбек қорғау бағытында белгіленген іс-шаралар толық жүзеге асырылған. Ендігі мақсат – жылды табысты қорытындылау. Оған толыққанды негіз бар.

Бір қызығы, біз директорды кәдімгі жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшы киімін киіп, қолына құрал-сайманын ұстап жүрген кезінде кездестірдік. Сөйтсек, ол жөндеу цехына баруға жиналып жатқан болып шықты. Ондағы жағдайды көзбен көріп, қолмен ұстамақ екен.

Сонымен, біз жөндеу цехына онымен ере бардық. Жөндеу цехынан шыққан локомотив аулаға қойылған екен. Бұрын локомотив жөндеу, оны пайдалануға қатысты барлық еңбек сатысынан өткен Мақсұт Искендіров онда бара салысымен қолына балға, құрал-саймандарын алып жұмысқа кірісіп кетті. Тепловоздың астына кіріп те, үстіне шығып та оның тетіктерін тексеріп көрді. Кабинасына да кіріп, локомотивті іске қосу механизмдерінің жағдайы­мен танысты. Тексеріс барысында локомотивті жөндеуден өткізген «Ақ Берен» ЖШС-нің жұмысшыларына өз ескертпелерін де айтып жүрді. Өзімен бірге жүрген аға депо кезекшісі Қуаныш Нұрмағамбетовке, локомотив бригадаларын шақырушы Еркебұлан Әуелбеков, кадрлар бөлімінің бастығы Бауыржан Исабеков, аға нарядшы Шахадат Әбдірахмановаға да нақты тапсырмалар беріп жатты. Қысқасы, ұзақ тексерістен кейін жөнделген локомотив пайдалануға жарамды деп табылды.

Жөндеу цехынан кейін біз депо ғимаратына оралып, басқа да жағдайларымен таныстық. Бізді сүйіндіргені депо мұражайының, қыздың жиған жүгіндей болып, тап-тұйнақтай етіп жасақталғаны еді. Бұл жерде депоның тарихы, онда еңбек еткен, соғыс­қа қатысқан теміржолшылар және қазіргі депоның тыныс-тіршілігімен танысуға болады. Рет-ретімен қойылған экспонаттар, фотоальбом, шежіре парақшалар көз тартады. Депо жұмысшылары мен қызметкерлерінің жиі-жиі бас қосатын орны да осы мұражай екен. Біз барғанда сонда әлдебір қағаздарды аудас­тырып отырған аға нарядшы Шахадат Әбдірахманова мен локомотив бригадаларын шақыру­шы Еркебұлан Әуелбековті жолықтырдық. Олар ата-бабаларына қатысты бір деректерді іздестіріп жүр екен.

Кадрлар бөлімінің бастығы Бауыржан Исабековті жолықтырған біз одан өндіріс озаттары жайлы сұрадық. Олардың саны көптеп саналады екен. Іштерінен машинистер Жандос Шотаев, Әлайдар Үсенбаев, Нұржан Төлеев, машинист көмекшілері Бағдат Жексенбаев, Бақытжан Қайқыбаев, Ербол Қасымбеков, депо кезекші­сі Кәрімжан Нұртаев, жөндеу ісін бақылау бөлімінің бастығы Нұрлан Сыздықов, жедел есепке алу орталығының бастығы Райхан Бейсеноваларды ерекше атап өткенді жөн көрдік. Өйткені олар бұрын да, биылғы төл мерекелері – Көлік және коммуникация қызметкерлерінің күні қарсаңында да лайықты марапаттарға ие болған, яғни бәйгенің алдын бермейтін нағыз өндіріс майталмандары екен.

Бекзаттар ДІНӘСІЛОВ 

Поделиться:
Популярные новости
1987 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3583 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2732 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер