Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2193 / 12.10.2010 00:00

Темір тұлпарлар жетілдірілуде

Иә, «Локомотив» АҚ-ның Орал пайдалану локомотив депосы 2003 жылдың 5 желтоқсанында филиал болып тіркелген болатын. Содан бері қоғам филиалында локомотившілер тұрақты жұмыс істеп, ұжымның жетістіктеріне өз үлестерін қосып келеді.

Бүгінгі күні мұнда 288 адам жұмыс істесе, оның ішінде локомотив бригадаларын 213 адам құрайды. (Машинистері 105, ал көмекшілері 98 адам). Бұған қоса жыл басынан бері Ақтөбе темір жол қызметкерлерін оқыту орталығынан 6 тепловоз машинисі даярлау курсын бітіріп шығыпты. Сонымен қатар, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Қазақ көлік және коммуникация академиясы жанынан локомотив қабылдаушысы, инженер-технолог, таспа лентасының шифр ашушы инженерлері 3 жылда бір рет білімдерін жетілдіріп тұрады екен. Қазіргі кезде депода 1-ші класты жетік тепловоз машинистерінің саны 17, ал 2 класты 38 және 3 класты 42 машинист еңбек етуде.

Локомотив депосының директоры О.Шүйіншәливтің өзімен бірге мұнда В.К.Опря, В.В.Павелкин, В.А.Порошин сияқты «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегерлері бар машинистер жұмыс жасауда. Сондай-ақ Қозғалыс Қауіпсіздігі қорының лауреаттары атағын алған директордың пайдалану жөніндегі орынбасары С.Сағымбаев, тепловоз машинистері А.Баймұханов пен А.Кузаировтар та өз әріптестеріне жақсы істерімен үлгі болып келеді.

Депо директорының айтуына қарағанда, әр аптаның жұмасында локомотив бригадаларының техникалық оқулары жүргізіліп тұрады. Мұның машинистер үшін көп пайдасы бары айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, жұмысшылардың денсаулығын арттыру мақса­тында депода спорт залы тұрақты жұмыс істейтін көрінеді. Локомотившілерге екі жылда бір рет санаториялық емделу орындарына тегін жолдама беріледі. Сол сияқты, ұжымдық шартқа сәйкес түрлі жеңілдіктер түгел сақталған.

Локомотив депосы үш қабатты ғимаратта орналасқан. Қызмет бөлмелерінен басқа, локомотив бригадаларының демалыс үйі, жуынып-шайынатын және тамақтанатын бөлмелері та­лапқа сай күнделікті тұр­мысқа қажетті құрал-жаб­дық­тармен қамтамасыз етіл­ген. Олардың бәріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл күндері локомотивтерді техникалық жарақтандыру қо­сы­ны да тұрақты жұмыс істеп тұр.

Орал локомотившілерінің құрал-жабдық паркі қазір 38 тепловоздан тұрады. Оның 29-ы магистральды 2ТЭ-10 сериялы тепловоздар және 7-уі ТЭМ-2 сериялы маневрлік тепловоздар. Депоның магистральді тепловоздары Орал-Озинки иінінің 130 километр ұзындығын қамтамасыз етеді. Ал жалпы бұл аралық 264 километрді қамтиды.

Биылғы жылы мұнда 2ТЭ-10 сериялы магистральді тепловоздарды кешенді жетілдіру бас­талыпты. «Дженерал электрик» фирмасымен СЕ типті дизель-генераторлық қондырғысымен жетілдіріледі. Жазғы маусымда жетілдірілген 2ТЭ-10М-0039 локомотиві пайда­лануға енгізіл­ген. Бүгінгі таңда пайдалануға 3 жетілдірілген локомотивтер тағы тапсырылыпты.

Деподағы техникалық кабинет автотежегіштер, электросызбалар бойынша тренажерлармен, тепловоз тораптары бойынша плакаттармен, көрнекі құралдармен жабдықталған. Локомотив бригадалары арнайы киімдермен және аяқкиімдермен, қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Менеджмент сапасының жү­йесі бойынша бүгінде прак­тикалық жүйе ендіру кезеңі ұйымшылдықпен жүргізілуде. Барлық қызметкерлер бұл жүйе­нің құрылуына, оның жетілдіру процесіне қызығушылық таны­туда.

Күзгі комиссиялық байқаудың нәтижесі жақсы бағаланып, ұжымның тоғыз айдағы көрсеткіші жоспарға сай болғандықтан депо директоры мұны бізге мақтанышпен жеткізді.

Төребай Кенжебай 

Поделиться:
Популярные новости
1987 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3583 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2732 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер