Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2145 / 08.10.2010 00:00

«Союз ТМА-20» ғарыш кемесі тасымалданған пойыз қозғалыс кезінде қателіктер жіберген жоқ - «Локомотив» АҚ президенті

«Союз ТМА-20» ресейлік ғарыш кемесін тасымалдаған пойыздың жылдамдықты өлшеу ленталарындағы деректерді тексергеннен кейін, теміржол көлігін жүргізу мен тежегіштерді басқару кезінде ешқандай қателіктер болмағаны анықталды. Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның президенті Қадыл Таласпеков мәлім етті.

«Аталмыш пойыз үшін локомотивтер мен локомотив бригадалары арнайы жүктерді тасымалдауға арналған ережелерге сәйкес жасақталды. Бригадалар мұндай пойыздарды басқаруда тәжірибелері бар І және ІІ дәрежелі машинистерден құралған. Және олардың тізімі белгіленген тәртіп бойынша бекітілді», - дейді Қ.Таласпеков.

Оның айтуынша, пойыз соңғы нүктеге жеткенге дейін тежегіштерді шұғыл түрде қолданған жоқ. Арнайы пойыз шекарада қабылданып, ресейлік теміржолшыларға тапсырылғанға дейін, локомотив бригадасына қарауыл бастығы мен пойызға ілесіп жүрушілер тарапынан ешқандай шағым айтылмаған. Пойыз ресейлік әріптестерге ешбір ескертулерсіз тапсырылды.

Еске салайық, қазанның 6-сы күні кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «Союз ТМА-20» ғарыш кемесін тасымалдау контейнерінің зақымдануы, оның Қазақстан аумағымен тасымалдануы барысында орын алуы мүмкін деген ақпарат таратқан болатын.

Гүлмира Әлиакпарова

Поделиться:
Популярные новости
1976 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3570 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2722 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер