Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2332 / 08.10.2010 00:00

Меже – қытымыр қыстан қысылмай шығу

 «Локомотив» акционерлік қоғамына қарасты Жаңаарқа локомотив пайдалану депосы қыркүйек айының соңғы күндері күзгі комиссиялық тексеру науқанын аяқтады. Қазір талай жақсы мен жайсаң түлеп ұшқан киелі өңірде қарбалас сәт. Қызу қарқын еш баяуламаған, ескісі бүтінделіп, іске жарамайтын көнесі ауыстырылып, шешілуін күткен шаш-етек шаруалар басы қайырылғанша бұл қауырт тірлік еш саябырламақ емес.

Жаңаарқа депосының (ТЧЭ-15) директоры Құрманбай Төкенұлы Қалдыбеков былтыр құрылғанына 70 жыл толған мекеменің табысы мен тәжірибесі жеткілікті екенін айтады. – Жаңаарқа станциясында 1939 жылдың тамыз айында, 1940 жылы Жезқазған қаласында локомотив депосы бой көтеріп, шойын жолдың игілігіне тапсырылды. Ол кезеңде Жаңаарқа депосы кішкентай ғана, үш шұңқыры мен паровоз жөндейтін орны ғана бар, тіпті кәрізі жоқ шеберханадан құралыпты. Қабырғалары қамыспен жабылған. Бір жонатын және екі токарьлық үш станогы болыпты. Парк­те тіркелген паровоздар О, Э сериялы, жүк айналымы 800 мың тонна шақырым таза салмаққа жетіпті. Содан соң сұм соғыс елді дүрліктірді... – деп тарихқа қысқаша шолу жасап өткен депо бастығы әңгіме ауанын бүгінгі күннің мәселелеріне бұрды. Алтын күз дүйім жұртты ризығына кенелте бастаған бетте жылдағы дәстүр бо­йынша «Жаңаарқа локомотив пайдалану депосы бойынша локомотивтерді күзгі комиссиялық қарауды өткізу» тақырыбында жиын ұйымдастырылып, онда директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Е.Сұлтанов өз ұсынысын білдіріп, «Атасу-Сервис» ЖШС жетекшісі Т.Қалмағамбетов, «Зергер СБ» ЖШС телім бастығы Е.Салжанова, инженер-технолог Н.Болатова және К.Оқасова, С.Титовтың баяндамасы тыңдалыпты. Кеңеске қатысушы локомотив бригадалары да күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасқан. – Мәжіліс қорытындысын сараптай келе, бірқатар мәселелердің басын ашуды жөн көрдік. Қоңыр күздің алғашқы айы қыркүйектің 10-ы мен 30-ы жұлдызы аралығы бізге тиесілі локомотивтердің жай-жапсары, ұқсас шаруашылықтың ереже-талаптарға сәйкес «жарау» күйі назарға іліккені белгілі. Қыс кезінде тасымалдың ақсамауы турасында уағдаласып, кемшіліктердің дереу жойылуы тиістігін бір ауыздан ұйғардық. Тексеріс тұсында қолданыстағы станоктардың қалыпты жағдайы, тегістеу, жуу қондырғыларының және жүк көтергіш механизмдер, көмекші құралдардың толық көлемде жөнделуі жайлы уағдаластық, – дейді Құрманбай Төкенұлы. Еңбек жолында биік белестерді бағындырудан талмаған, тосын сындардан қажымаған ұжым содан бері талай іс тындырған. Жанға жайлы жаздың желілік жабдық-саймандарға жағылатын майын қысқа шыдас беретін түріне айырбастапты. Басшылық тарапынан тапсырылған температуралық релелерді суық мезгіл тәртібіне көшіру міндеті мүлтіксіз орындалған. Электролит тығыздығына түзету енгізу, тісті берілісті түгендеу, секцияны қаптау, қалқаншаның «қақалмауын» қадағалау сияқты түйткілдердің тарқатылуы назардан тыс, елеусіз қалмай, су жүйесінің қысымын престеу, аңғарылған сұйықтық ағуларын лезде бітеу тәрізді дүниелер де жұмыскерлердің өнімді тер төгуі арқасында атқарылса керек. Әлбетте, ГПН штоктарының бөгетсіз шығуы мен САРТ жұмысын үздіксіз ретке келтіру, ТК-34 роторын оңтайландыру, өрт сөндіру мен дабыл құрылғысын жаңарту да білікті мамандар­дың сын тезіне салынып, жарамдылық мерзімдеріне үңіле кету де ұмытылмапты. – Тепловоз паркінің жағдайы жан-жақты мұқият тексерілді. Жарықтың шағылысуын бәсеңдететін жолақтарды «жасартып», әйнектердің жетпейтін бөліктері мен тазалағыштарды орнату секілді, былай қарағанда ұсақ-түйек боп саналатын шаруалар легін локомотившілер шаршамай-шалдықпай, рет-ретімен ат­қарды, – дейді депо бастығы нақты іске байланысты дәйектерді тілге тиек етіп. Машинист отыратын кабина іші-сырты қапталып, қорғаныс қалқандарын сырлап, бояу, доңғалақ жұптары астына құм төгу, жанып кеткен сымдарды, шамдарды алмастыру сынды бірсыпыра жөндеуден өткен локомотивтердің жекелеген бөлшектерін іске қосқанда, «жүрек соғысын» тыңдау арнайы тағайындаған комиссияға жүктелген жауапкершілік болыпты. Кезекпен атқарылған тексеріс барысында қауіпсіздік шараларына комиссия мүшелерінің ерекше назар аударғаны анық. Темір жолда қалыптасқан темірдей тәртіп бойынша локомотив депосы басшылығына күн сайын есеп беру жолға қойылып, кезекшілер ККТ туралы тың ақпарат таратуды әдетке айналдырған. Ендігі меже – қытымыр қыстан қысылмай шығу.

Алдаберген Кемпірбаев 

Поделиться:
Популярные новости
1953 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3540 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2695 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер