Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2374 / 05.10.2010 00:00

Деподағы қарбалас тірлік

Арыс локомотив пайдалану депосының ұжымы үстіміздегі жылдың тоғыз айын жоғары еңбек көрсеткіштерімен қорытындылады. Белгіленген жоспар негізгі көрсеткіштер бойынша асыра орындалды. Бүгінде мұнда күзгі комиссиялық байқау ұйымшылдықпен жүргізілуде.

Депо директоры Қ. Өтегеновтің айтуынша, көктемгі және күзгі комиссиялық байқауға ерекше көңіл бөлінеді екен. Өйткені тексеріс кезінде ұсақ-түйек кемшіліктерге дейін қаперге алынып, оларды жоюдың барлық тетіктері іске қосылады. Локомотивтердің барлығы біртіндеп жөндеуге қойылып, іші-тысы толық тазартылып, сырланып, безендіріледі. Сонымен бірге жұмыс орындары жақсартылып, қысқа әзірлік жұмыстарының бәрі қамтылады.

Қазір мұнда қарбалас жұмыс басталған. Депо басшысы Өтегенов­тің өзі байыз таппай, көп уақытын жөндеу цехында, локомотив паркінде өткізеді. Оған өзіміз де куә болдық. Біз жөндеу цехына барғанымызда ол сондағы жөндеушілердің жұмысы­-на бақылау жасап, нұсқамалар бе­- ріп жүр.

– Күзгі тексеріске барлық жұ­мыскерлер мен қызметкерлер тартылған, – дейді ол. – Бәріміздің мақсатымыз – байқауды жоғары деңгейде өткізіп, қыс маусымына сақадай-сай дайын тұру. Бұл істе Ұлттық компания президентінің Алғыс хатының иесі, депоның кадр­лар бөлімінің бастығы Өсімхан Қошмұратов, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» кеуде белгісімен марапатталған локомотив бригадасының машинист-нұсқаушысы Қайрат Әуелбеков, «Локомотив» акционерлік қоғамының Құрмет грамотасымен наградталған тепловоз машинисі Жақсыкелді Ахметов, электровоз машинисі Камиль Қадыров, жылдамдық өлшеу лентасын өңдеп оқу жөніндегі инженер Күлзахра Жұмашева, Алғыс хат иегерлері тасымал құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор Қызылгүл Бейсенова, жөн­деу жұмыстарын бақылау бөлімінің бастығы Вадим Тәңірбергенов, электровоз машинисінің көмекшісі Олжас Садырмеков сияқты өндіріс озаттары мен темір жол майталмандары қомақты үлестерін қосуда.

Деподағы қарбалас жұмыс одан әрі қыза түсті. Біз мұнда күзгі комиссия­лық тексеріспен қоса жоспарлы тапсырмаларды орындау бағытындағы іс-шаралардың да жүзеге асырылып жатқанының куәсі болдық.

Бекзаттар Динасилов 

Поделиться:
Популярные новости
1993 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3587 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2737 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер