Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
«Локомотив» АҚ өз шаруашылығын қысқы маусымға қарқынды түрде дайындау үстінде.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Компанияның құрылымдық бөлімдерінде қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық кесте бойынша жүргізілуде. Қармен және көктайғақпен күресу үшін электрмен қозғалатын теміржол құрадарының жалпы жағдайын тексеру және құрал-жабдықтарды әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық эксплуатациялық локомотивті деполардың жылу маусымына дайындық жағдайлары тексеріліп, отын қоры, локомотивтердің бөлшектері мен жабдықтары әзірленуде.
Өткізілетін техникалық сабақтардың басты тақырыбы - локомотивтерді қыс жағдайында жұмыс істеуге дайындау және оларды іске қосу. Сонымен бірге бұл салада алғашқы қысты өткізетін жас мамандарды оқыту ұйымдастырылды. Қазіргі уақытқа дейін 600 машинист, олардың 200 көмекшісі оқытылды. Барлығы 800 машинисті оқыту көзделіп отыр. Олардың көмекшілерінің біліктілігін арттыру жүз пайызға орындалды. Локомотитерді қысқы арнайы киіммен қамтамасыз ету жоспарлы түрде жүргізілуде.
Гүлмира Әлиакпарова
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. �...
Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше...
Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қыз�...