Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2289 / 06.08.2010 00:00

Кадрдың қадірін білетін ұжым

Әр мекеменің тасын өрге домалататын бірнеше фактор болады десек, соның бірі – кадрлық саясат. Ал кадрларының қадірін арттыратын – кадрлар бөлімі. Осы бөлімнің жұмысына қарап тұтас ұжым туралы ой қорытуға да болады. Бұл ретте, «Локомотив» акционерлік қоғамының филиалы – Қарағанды локомотив пайдалану депосының кадрлар бөлімі туралы бөле-жара айтар едік. Ертай Аманов басқаратын бұл бөлімнің жемісті жұмысы депо ұжымын биік тұғырға көтеріп жүр. Соның бір дәлелі – Қарағанды локомотив пайдалану депосында бүгіндері жеті бірдей «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері еңбек етеді.

Бұл марапат бүгінгі иелеріне жай беріле салған жоқ. Әрқайсының сала дамуына қосқан сүбелі үлесі өзінше бір әңгіме. Мәселен, машинист Сергей Иванович Ермолов алдыңғы жылы пойыздың көпір үстінде апатқа ұшырауының алдын алды. Олег Балабекұлы Рүстембеков те болуы мүмкін апаттың жолын кесті. Анатолий Буденко да Майқұдықтағы ауыр апаттың орын алуына мүмкіндік бермеді. Қарағандылық машинистердің ерлігі осылай жалғаса береді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұжым беделін бәрінен биік қойған машинистер қауымы туралы Ертай Салахиддинұлы көп айтуға бар. Ол әсіресе, спортты серік еткен қарағандылық локомотившілерін мақтан етеді.

– Қарағанды жол бөлімшесінің құрама командасының басым бөлігі біздің қызметкерлерден жасақталады. Себебі, біздің депо осы бөлімшеде өтетін спартакиадада үнемі көш басынан көрініп жүр. Ұлттық компания көлемінде өткен қысқы, жазғы спартакиадалар да Қарағанды жол бөлімшесінің командасын ұятқа қалдырып көрген жоқ, – дейді ол.

Қарағанды депосында локомотив бригадаларының білімі мен біліктілігін көтерудің жүйесі жасалған. Ертай Амановтың айтуынша, оқуға жіберілетін үміткер әуелі медициналық тексеруден өтеді. Сосын сынақ тапсырады. Оқудан келген соң депода тағы да сынақтан өтеді екен. Локомотив бригадаларынан бөлек, машинист нұсқаушылар мен таспа оқушылар да біліктіліктерін көтеру курстарына жіберіліп тұрады.

– Өйткені олардың жұмысы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты, – дейді сұхбаттасымыз. – Таспа оқушылар КЛУБ-У жүйесі бойынша машинистердің жұмысын қадағалап отырады ғой. Мұндайда оларға әсте қателесуге болмайды. Сондықтан кадрларымызды семинарлардан да қалдырмауға тырысамыз. Ал осы жылдың басында КЛУБ-У жүйесі бойынша семинар бізде өтті. Бұл жүйе республика бойынша біздің депода алғаш рет енгізілген. Семинарға қауіпсіздік жүйесін жасаған ресейлік мамандар да келді.

Кадрлар бөлімі бастығының дерегінше, депода салалық төлемақы бойынша жылына 15 адам зейнеткерлік демалысқа шығады екен. Осынау әлеуметтік мәселені «Локомотив» АҚ-ның шешіп бергені дұрыс болды деген Ертай Аманов машинист пен көмекші машинист мамандығының еліміздегі ауыр да зиянды еңбек ететіндердің тізіміне енбей қалғанына қынжылысын білдірді.

– Бұл тізімді темір жолдың жұмысын білмейтін адамдар жасаған болса керек. Себебі сол тізімде «локомотивтің от жағушысы» деген мамандық жүр. Ал бізде «кочегар» деген баяғы паровоздармен келмеске кеткелі қашан. Машинистер жұмысының қаншалықты ауыр екенін айтып жатудың өзі артық. Ауыр еңбек ететіндердің тізімін жасағандар ең болмағанда темір жолдағы мамандармен ақылдасса болмай ма? – дейді Ертай Салахиддинұлы.

Иә, «Локомотив» АҚ кадрлары үшін бар жағдайды жасап-ақ жатыр. Соның бір мысалын, мына деректерден де көруге болады. Үстіміздегі жылы Қарағанды локомотив пайдалану депосынан ұзын саны 79 адамға «Жұмбақтас», «Мойылды», «Қарағайлы орман», «Текелі», «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру орындарына жолдама берілді. Ал теміржолшылардың отбасынан жыл сайын бір ғана Қарағанды депосының өзінен 100 бала жазғы лагерьлерде демалады. Осы демалыстарды ұйымдасты- руда Қарағанды локомотив пайдалану депосындағы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Дмитрий Михайлович Смирновтың еңбегін де айта кету керек.

Локомотив бригадаларының денсаулығын қадағалау кадр-лар бөлімі үшін де маңызды мәселе. Бұл орайда, «Көліктегі медициналық қызмет» АҚ-мен келісімшарт жасасқан, аталмыш мекеме локомотив бригадаларын кезеңдік медициналық тексеруден, рейс алдындағы тексеруден, сондай-ақ, ауысым алдындағы тексерулерден өткізеді. Темір жол тарапынан жасалып отырған осынау қамқорлықты сезіне білген локомотив бригадаларының отбасы мүшелерінің де салаға деген құрметі бөлекше болатыны белгілі. Олар өз құрметін темір жолдағы әулет дәстүрін жалғастыру арқылы білдіруде. Басқаларын айтпағанда, кадрлар бөлімін басқарып отырған Ертай ағамыздың өзі теміржолшылар әулетінен. Темір жол көлігі саласында 40 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ертай аға еңбек жолын 1962 жылы Қарағанды локомотив депосының дайындау-жинау цехының слесары болып бастаған екен. Сосын осы цехтың мастері, еңбек қорғау жөніндегі инженер, деподағы партия комитеті төрағасының орынбасары жолдарынан өтті. Қайта құрылымдау кезінде локомотив депосы екі-үшке бөлінгенде локомотив пайдалану депосына – кадрлар бөліміне жұмысқа шақырылды. Содан бері осы жұмысын абыроймен атқаруға күш салып келеді. Бүгінде Ертай Салахиддинұлының ізін басқан балалары да темір жол саласында жүр. Құдай қосқан қосағы депо бухгалтериясында көп жылдар еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан.

– Кадрлармен жұмыс істеудің қы-зығы мен қиындығы қатар жүреді. Қызығы сол, өндіріске жаңа техника мен технология келгенде, сол жаңалықтардан хабардар болу үшін локомотив бригадаларының жиындарына, техникалық сабақтарына қатысуыма тура келеді. Қиындығы көп емес, бірақ, жіті дайындықтан өткен кадрларымыз басқа ұйымға ауысып кеткенде көңіл құрғыр құлазып кетеді, – дейді ағынан жарылып.

Халима Бұқарқызы 

Поделиться:
Популярные новости
1993 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3587 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2735 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер