Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
1512 / 03.08.2010 00:00

Арманға биік қол созсаң...

Адамда арман деген көп қой. Қасиетті Түркістан қаласында 1960 жылы туылған майталман машинист-нұсқаушы Әнуәр Берсүгіров сондай арманшыл балалардың бірі еді.

Кейде ғарыш кемесімен көкті тіліп жұлдыздарға саяхат жасағысы келсе, кейде қазақтың байтақ даласында жүйт-кіген локомотивтің тіз-гінін ұстап, желмен жарысқанды жаны қа-лайтын.

Бүгінде ердің жасы елуді еңсеріп төрт құбыласын теңеген машинист өмірлік жарымен 4 ұл, 3 қызды тәрбиелеп, өсіріп отыр. Өзі он балалы жұмысшы отбасында туып-өскен Әнуар ағамыз өмірдің шынарлы шыңына бір сәтте шыға қойған жоқ. Мектепте 8-сыныпты тәмамдаған соң білімін қаладағы №31 кәсіптік-техникалық училищеде жалғастырып, 17 жасында механизатор мамандығын алып, туған қаласындағы жөндеу-механикалық заводына слесарь болып жұмысқа орналасады. Бір жылдан кейін Отан алдындағы борышын өтеп, екі жыл бойы әскер қатарында болады. Қайтып келген соң бұрынғы жұмысын қайта жалғастырды. Әйткенмен оған бала күнгі «машинист болсам» деген алмалы арманы тыныштық бермеді. Сол арманның жетегінде Арыс қаласынан бір-ақ шықты.

Ол әуелі машинист көмекшілігін оқиды. Арыстың темір жол тех-никалық мектебінің 7 айлық курсын жақсы аяқтағанымен оны машинист көмекшілігіне бірден жібермеді. Алдымен Түркістан локомотив депосында слесарь-дизелист болып 2-3 ай жұмыс істеді. Содан кейін ғана машинист көмекшілігіне қолы жетіп, бала кезгі арманының алғашқы асуынан өтті. Десек те, көргеніне көзі тойып қоя салатын Әнуар емес еді. Ол енді бір жыл оздырып, баяғы көмекшілікке оқыған мектебіне қарай қайыра жол тартты. Бұл жолы 9 ай бойы тепловоз машинист мамандығын оқып, тұла-бойы толық маман ретінде ұжымына қайта оралды.

– Түркістан локомотив депосы менің және менің отбасымның бақыты. Мен осында бала күнгі қиялдаған арманыма қол жеткіздім. Осы ұжымда азамат болып қалыптасып, үлкенге ізетті іні, кішіге үлгілі аға болып келемін. Мекеме басшылығы еңбегімді елеп бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапаттап, сый-сияпаттан қалдырған емес. Ал 2006 жылы «Локомотив» АҚ президентінің өзі Құрмет грамотасымен марапаттады. 

Поделиться:
Популярные новости
601 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

1755 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

1492 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ

Серіктестер