Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2120 / 03.08.2010 00:00

Керекулік машинистер сенімді ақтайды

Павлодар қазыналы өлке. Қойнауы ен байлыққа толы осынау елді мекенде көптеген ірі-ірі өндіріс орындары шоғырланған. Соның қатарына мұнай өңдейтін Ақсу-1 ферроқорытпа зауытын, Гидро-электр станциясын, Екібастұз көмір өндіру кешені мен құрылыс индустриясы кәсіпорындарын жатқызуға болады.

Осыншама алып өндіріс ошақтарының өнімін тасымалдап, ел ырыздығын еселеп жатқан теміржолшылардың да еңбегі бір төбе. Сайын дала төсінде 1069 шақырымды алып жатқан болат жолдың бойында да еңбек көрігі қыза түскен. Жүк және жолаушы тасымалы жолында міндеттерін абыроймен атқарып жатқан темір жол майталмандарының өрелі істерін өнеге етуге әбден тұрарлық. Әсіресе №18 Павлодар локомотив пайдалану депосы ұжымының еңбегі жайлы атап өтудің өзіндік жөні бар.

Былтырғы жылы эконо-микалық дағдарыстың дегбі-рінен тоқырауға тап болып, жүк тасымалы көрсеткішін әупірімдеп 68 млн тоннаға жеткізген Павлодар жол бөлімшесінің қазіргі аяқ алысы ширақ. Қанша қиындық кездессе де дес берместен, сағын сындырып көрмеген теміржолшы қауым білек сыбана іске кіріскен еді. Өйткені алдыңғы 2008 жылы жүк тиеу жоспарын 82 миллионға жеткізген павлодарлықтар, сол деңгейден төмендемеуге белді бекем буған болатын. Ресейдің Алтай өңіріне дейін жетіп, бер жағы Ерейментау мен Семейдің Дегелең станциясымен шектесетін аймақта еңбектің тайқазанын қайнатып жатыр десек болады. Оған биылғы бес айдың ішінде жүк арту көрсеткішін 19,2 пайызға арттырып, 34 874,2 мың тоннаға жеткізуі сөзімізге дәлел. Тәулігіне жұмыс істеу қарқыны 20,1, ал жүк түсіру 15,1 пайызға көтерілуіне локомотив пайдалану депосы ұжымының қосқан үлесі қомақты десек қателеспейміз. Біріге жұмыс істеп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығар-ған ынтымақтастықтың арқа-сында электровоз тартымы 13,2 пайызға көбейіп, 20 954 локомотив-сағатқа жеткенінің куәсі болдық. Ал тепловоз тартымы да 6,9 пайызға өсіп, 9453,8 локомотив-сағатты көрсетуі алға ұмтылушылық нышанының барлығынан хабардар етеді. Сондай-ақ пойыз ағысын жоспарлау жөнінде бақылауды күшейту нәтижесінде ОРЛ локомотив-сағатты 18 119,9 локомотив-сағатқа төмендетуге қол жетіп, локомотившілердің еңбек өнімділігіне біраз рең беріп қалды. Жол бөлімшесі бойынша көмір, мұнай, мұнай өнімдері, флюс, қара металл, бидай, сусымалы жүктер тасымалының жоғары деңгейде қамтамасыз етілуіне локомотив бригадаларының өзіндік қолтаңбалары бар. Павлодар локомотив пайдалану депосының басшысы, тәжірибелі теміржолшы Қалтай Әбдіразақовты сөз-ге тартқанымызда: «Біз үш бағытта жұмыс істейміз. Ол Павлодар – Құлынды, Екібастұз – Павлодар, Павлодар – Дегелең. Осы аралықтарда жүк және жолау-шы тасымалын қамтамасыз етеміз. Ұжымымыз үлкен, 4 локомотив бригадасы мен 800 адам еңбек етіп жатқан жайы бар. Ең басты мақсатымыз – еңбек тәртібі мен өндіріс мәдениетін арттырып, теміржолшылардың білім деңгейін арттыру. Жол қауіпсіздігін арттырып, техникалық ақау жібермеуге бар күш-жігерімізді салудамыз. Жылда көктемгі және күзгі байқауларда жүлделі орынды иемденіп келеміз. Бұл да болса ұжымымыздың ауызбіршілігінің арқасы. Жүк тасымалы жоспарын 102 пайызға орындап келеміз. Қарамағымызда өзімізге тие-сілі 90 локомотивіміз бар. Сол темір тұлпарларымыздың мүдірмей жүріп-тұруын қа-дағалаймыз. Бізге тиесілі локомотивтерімізді күтеміз, баптаймыз, ақауы болса дереу орнына келтіріп, жолға сақадай-сай қылып шығаруға дағдыланғанбыз. Сол үрдістен танбауға, ауытқымауға ынта-жігерімізді аямаймыз. Маши-нистерімізді оқытып, білім деңгейін көтеріп, шеберлігін шыңдауда қалыс қалып жатқан жоқпыз. Қазіргі таңда Қарағанды қаласында 40 машинисті оқытып жатырмыз. Себебі кадр мәселесіне көңіл аудару кезек күттірмейтін жайт. Темір жолды машинист қауымысыз көзге елестету әсте мүмкін емес. Машинистер темір жолдың тынысы, һәм жүрегі десек әсірелегендік болмас. Сонымен қатар жұмысшылар отыратын кабинеттердің барлығы дерлік заманауи техникамен жабдықталып, жұмыс істеуге қолайлы жағдайдың барлығы дерлік жасалған» деп депо жұмысының қыр-сырын бүкпе-сіз ақтарды.

Ақ адал еңбектерімен еле- ніп, үнемі еңбек майда-нының алғы шебінде жүретін павлодарлық локомотивші-лерге табыс тіледік.

Бейбіт Оспан 

Поделиться:
Популярные новости
1976 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3570 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2723 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер