Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2324 / 30.07.2010 00:00

Түркістанның маңдайалды машинисі

Темір жол көлігіндегі ең жоғары да мәртебелі марапат – «Құрметті теміржолшы» белгісі десек қателеспейміз. «Бақ біреуге ерте, біреуге кеш келеді» демекші, осынау саладағы ең жоғары атаққа біреулер 30 жасар орда бұзар шағында-ақ лайық деп танылып жатса, баз-біреулер оған зейнет жасына жеткенде еңбегі еленіп ие болып жатады.

Түркістан локомотив пайдалану депосының машинисі Исабеков Асылхан Сопбекұлы биыл-ғы теміржолшылар мерекесі қарсаңында «Құрметті теміржол-шы» белгісінің иегері атанды. Киелі Түркістанда туып-өскен ол машинистің ұлы болғандықтан машинист мамандығын таңдауы заң-дылық болмақ.

1978-79 жылдары Арыс қала-сындағы темір жол техникалық мектебінде машинист көмекшісі мамандығына оқыған ол 1979 жылы 10 мамырдан бастап Түр-кістан локомотив депосына машинист көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Өндірісте бір жыл жұмыс істеп Арыс қаласындағы темір жол техникалық мектебінде барып, тепловоз машинисі мамандығы бойынша толық курсты тағы оқиды. Курсты бітірген соң да бұрынғыша машинист көмекшісі болып жұ-мысын қайта атқара береді. Баз-біреулердей «мен енді дербес машинистпін, тепловоздың оң қанатына отырам» деп өрекпімей, тәжірибесін арттыра береді.

1983 жылы Асылханның да жұлдызды сәті туып, өзіне көмекші алып тепловоз тізгініне ие болады. 1988 жылы 3-ші класты тепловоз машинисі дәрежесін алады. Арада 7 жыл өткенде, 1990 жылы 2 класты машинист атанып, күні бүгінде дейін жемісті еңбек етіп, Түркістан депосының маңдайалды машинисі атанып келеді. Отыз жылдық еңбегінің өтеуі де жоқ емес, талай жерде топ жарып, мақтау-марапаттан да, сый-сыяпаттан да кенде болған емес. Енді міне, саланың ең жоғарғы мәртебелі марапаты – «Құрметті теміржолшы» белгісін төсіне тақты.

«Түркістан депосы менің ғана «өз үйім - өлең төсегім» емес, мен сияқты талай қазақ баласының, қала берді біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ізі қалған қара шаңырақ», – деп ағынан жарыла қуанышымен бөлісті машинист жігіт.

Машинист болып еңбек еткен жылдары еңбек және технология ережелерін бұзған кезі болған емес, өзіне бекітілген тепловозды қашан да жарақты, жарқыраған таза күйде ұстайды. Дизель отынын үнемдеуде де өзгелерге үлгі болып, және техникалық жылдамдықты да орындамаған кезі жоқ. Кестеден кешігіп келе жатқан талай жолаушы пойыздарын Түркістаннан Арысқа немесе керісінше Түркістаннан Шиеліге уақтылы жеткізген де майталман машинист Асылхан Сопбекұлы болатын.

Асекең туралы депо басшы-лығының да пікірі өте жоғары. «Қандай жауапты жұмысты да сеніп тапсыруға әбден лайық тәжірибелі машинист. Өз ой-пікірі мен ұсынысын білдіріп, көзқарасы мен ұстанымын батыл қорғай алатын қайсар мінезді» деп сипаттама береді құрметті марапатқа ұсынған басшылық мінездемесінде.

Меруерт Умирзакова 

Поделиться:
Популярные новости
1987 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3583 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2732 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер