«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Астана локомотив пайдалану депосы темір жолдағы іргелі шаруашылықтардың бірі. Ұжым үнемі міндеттемелерін орындау жолында қарқынды еңбек етіп келеді. Қарамағындағы темір тұлпарларын баптап, жұмысқа сақадай – сай етіп дайындап әбден дағдыланған.
Қазіргі таңда еліміздегі жүк және жолаушы тасымалының 60 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отырған темір жол экономикалық табыстың басым бөлігін құраса, машинист-теміржолшылардың қосып отырған үлесі қомақты.
Астана локомотив пайдалану депосы жүк және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін арттыруда көш басынан көрінді. Теміржолшылардың кәсіби мерекесіне толағай табыстармен келді. Мысалы тепловоз машинисі Арықбаев Марат елеулі еңбегімен көзге түсіп, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісімен марапатталды. Бұл Мараттың алған алғашқы марапаты емес. Бұған дейін де талай мәрте топ жарып, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарын алған. Мараттың бұл жетістігі ұжымның абыройы, беделі екенін жақсы түсінеді. Талай сындарлы сынақтардан өтіп, осындай мерейге ие болғаны үшін әріптестері де оған дән риза. Өйткені былтырғы жыл локомотив пайдалану депосы үшін оңайға соққан жоқ. Әлемді дүрліктірген экономикалық дағдарыстың әсерінен жүк айналымы табысы азайып, негізгі өндірістік жоспардың орындалуына кері әсерін тигізді. Соның салдарынан тонна – шақырым - 6 пайыз, жол жүрісі – 2 пайыз, локомотив – сағат – 4 пайыз орындалмай қалды. Осының бәрі жұмысшылардың көңіл – күйіне әсер етпей қоймады. Сондай – ақ, жасы жеткен машинистердің зейнетке шығуына байланысты машинист тапшылығы туындағаны да жасырын емес. Содан барып локомотив бригадаларының жетіспегендігінен басқа деполардан машинистер шақырып, көмек қолдарын созуын өтінді. Нәтижесінде іс-сапар шығыны көбейді. Міне, қиюы келіспеген қиындықтар қабатымен келгенде депо ұжымы қиындықтан шығар жолды бірге іздеді. Сөйтіп, істің жүйесін тауып жылды 308 миллион теңге таза табыспен аяқтады. Астана қаласының іргесінде қоныс тепкен 38 разьезде өскен кішкентай Мараттың бала күнгі қиялы жүзеге асып, 1976 жылы Целиноград локомотив пайдалану депосына алып келген еді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...
Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...
Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...