«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Ембі локомотив пайдалану депосына «тастай батып, судай сіңген» мамандардың бірі Сұлушаш Қарабекова. Оныңосыдеподаатауыстырмайеңбекетіпжатқанынаотызекіжылдыңжүзіболыпты.
Тәжі Ахметұлы сияқты теміржолшы отбасынан шыққан Сұлушаш ағасы Төлеу мен інілері Бауыржан, Болат, Серікбаймен бірге әкесінің алып саладағы еңбек «сүрлеуін» жалғастырды. Тек сіңлісі Алтыншаш қана математика пәнінің мұғалімі болуға таңдау жасады.
– Кадрлар бөлімінде жұмыс істеген отыз жылдың ішінде біраз нәрсені үйрендім. Адамдармен іскерлік, мәдени қарым-қатынастар орната отырып, психолог болады екенсің. Бұл қасиет жұмыстан бөлек күнделікті өмірге де қажет екен. Адамдармен ашық-жарқын сөйлесіп, жай-жапсарды жайменен түсіндірсең, ешқандай дау-дамай туындамайды, ол да риза, сенің де көңілің орнықты. Осындай іскер қарым-қатынастарды мен Райса Құдайбергенқызы мен Сүлеймен Кәрімұлы Шахин сынды ұстаздарымнан үйрендім. Осы кісілерден мол тәлім алдым. «Дүние кезек» демекші, енді міне, өзім жас мамандарға тәлімгерлік етіп жүрмін, – дейді Сұлушаш Тәжіқызы сырын ақтарып.
Сұлушаш туралы әріп-тестері де жылы лебіз білдіреді. Қашан да жайдары жүретін, өз саласы бойынша білімді жан деседі. Бөлім бастығы қызмет бабымен сапар-ға кеткенде, жұмысын сеніп тапсыратын адамы осы Сұлушаш. Ол да бастығының сенімін үнемі ақтап жүреді. Әрдайым өзіне тапсырылған ісін жауапкершілікпен орындап отыруға тырысады. Өз жұмысын жақсы білсе де, ізденуден, жаңалықтармен танысып, танып-білуден жалықпайды. Біліктілікті арттыру курстарына барып үнемі білімін же-тілдіріп жүреді. Бүгінде ұлы Нұрболат та анасының ақылымен депоға келіп, тепловоз машинисінің кө-мекшісі болып еңбек жолын бастады.
АманбайҚонақбаев
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...
Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...
Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...