Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2258 / 23.07.2010 00:00

Атбасарлық локомотившілер алған асу

Атбасар станциясының еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруда өзіндік орны бар. Бүгіндері станция арқылы Иран, Ресей, Түркия, Украина, Сауд Арабиясы т. б. елдерге жүк тасымалданады. Осы орайда халықаралық және ішкі жүк тасымалының жоғары деңгейде сапалы орындалуына мұрындық болып отырған Атбасар локомотив пайдалану айналым депосының үлесі ұшан-теңіз.

Атбасар станциясында пойыздар қозғалысында толас жоқ. Тоғыз жолдың торабына айналған станциядан тәулігіне 16 жолаушы, 56 жүк пойызы өтетін болғандықтан, теміржолшы қауымда тыным жоқ. Үнемі қайнаған қызу еңбектің ордасы десек қателеспеспіз. Былтырғы жылы атбасарлықтар 3304 вагон бидай тасымалдап, жоспарды 117 пайызға артығымен орындау-ға қол жеткізді. Белгіленген меженің орнына 222 мың 297 тонна жөнелтілді. Осындай тамаша жетістіктің шыңына жетуде локомотив пайдалану айналым депосының еңбегі айтарлықтай. Себебі, болат жолдың « қара өгізі», яғни негізгі қозғаушы күші локомотив екені бесенеден белгілі. Ендеше осынау жауапкершіліктің жүгін арқалап, күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етіп жүрген локомотив машинистері мен көмекшілерінің тыныс – тіршілігі айтуға тұрарлықтай. Аталмыш депо Атбасар – Астана, Атбасар – Есіл, Астана – Атбасар, – Арқалық - Тобыл бағыттарында жүк және жолаушы пойыздарының толассыз жүруін қамтамасыз етуімен қатар қауіпсіздікті сақтауда да жауапты. Депо ұжымы жыл қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштер-ді ойдағыдай орындап, талап – міндеттердің биігінен көріне білді. Бір назар аударарлық тұс – әлемді дүр сілкінтіп, тығырыққа тіреген экономикалық дағдарыс депо ұжымына көлеңкесін түсіріп үлгермепті. Қайта атбасарлықтар қамтамасыз ететін аралықта, пойыздар қозғалысы бәсеңдемек түгілі ұлғая түскен. Соның арқасында, жұмыста жайсыз жәйттерге орын берілмей, қысқарту дегеннен дін аман, жалақылары дер уақытында қолдарына тиіп келе жатқанына теміржолшы қауымның көңілдері тоқ. Техникалық жылдамдық та сағатына 52,3 шақырымды құрап, қалыпты деңгейде атқарылуда. Үстіміздегі жылдың мамыр айында құрамаларды өткізу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 293 пойызды құраған. Атбасар локомотив пайдалану айналым депосы-ның бастығы Владимир Хитров: «Негізінен локомотив паркінің 70 пайызы ескіргені ешқандай құпия емес. Алайда осыған қарамастан еңбек өнімділігін арттыруға күш салып келеміз. Іргеміздегі «Электровоз жөндеу зауытымен» қоян – қолтық жұмыс істеп келеміз. Біз осы зауытта модернизациядан өткен 4 локомотивті Астана – Тобыл бағытына қатынауға қойдық. Модернизациядан өткен электровоздарды Есіл, Сарышаған, Құсмұрын, Ақадыр, Қарағанды жолдарында да сынақтан өткіздік. Локомотивтер заманауи жабдықтармен толықтырылған, қолданысқа өте икемді. Алдағы уақытта Атырау, Маңғышлақ бағыттарына жүрдек пойыздар жүргізіледі деп жоспарлануда. Соған орай 2014 жылға дейін 20 локомотивке қолымыз жетеді деп үміттеніп отырмыз. Қазіргі таңда кадр мәселесіне қатты көңіл бөліп отырмыз. Соның ішінде машинистер мен машинист көмекшілерін даярлау ауадай қажет. Бізге 11 машинист көмекшілері жетіспеуші еді. Соны ескеріп 25 адам қабылдауға рұқсат алдық. Жыл сайын 25 машинист шеберлігін шыңдап, үйретіп, оқытамыз. Жалпы «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ 40 мыңнан астам машинист қызмет атқарады. Алайда жұмыстың өте ауыр, денсаулыққа зиянды екенін ескеріп, 58 жасында зейнеткерлікке жібереміз. Олар 63 жасқа толғанға дейін компания жәрдемақы беріп отырады да, кейін зейнетақы алады. Қызметкерлеріне осындай лайықты демеу көрсететін бірден – бір мекеме деп, біздің Ұлттық компанияны айтуға болады», – деп ағынан жарылып әңгімесін айтты.

Бүгінгі күнді Атбасар локомотив пайдалану айналым депосы үшін маңызды кезеңдердің біріне жатқызуға болады. Ол маңызды міндет – жол бойындағы жылдамдықты арттыруға дайынды-ғымен қатар, кадрларын іріктеп, жұмысқа сақадай – сай болу.

Бейбіт Оспан 

Поделиться:
Популярные новости
1988 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3584 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2733 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер