Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2130 / 20.07.2010 00:00

Техникалық кабинетке де талғам қажет

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде локомотив бригадаларының біліктілігі маңызды рөл атқарады. Сол себепті де «Локомотив» акционерлік қоғамы локомотив пайдалану деполарындағы техникалық сабақтың өткізілуіне ерекше мән береді. Оның үстіне, биыл бұл кәсіпорында «Филиалдар жылы» өтіп жатыр. Ендеше аймақтағы филиалдарда техникалық сабақ қалай ұйымдастырылуда? Біз осы сауалға жауап алу мақсатында Қарағанды локомотив пайдалану депосына ат басын бұрдық.

Қарағанды локомотив пайдалану депосының оқу жөніндегі нұсқаушысы Сергей Аникин техникалық кабинеттің Астанадан келген басшылардың көңілінен шыққанын айтады. Солай болар жөні бар. Себебі, мұнда техникалық кабинетке керектің бәрін таба аласыз: жаттығу құралдары, қауіпсіздік аспаптары, радиостанция, плакаттар, локомотив бригадаларына керек әдебиеттер де осы жерде.

– Локомотив бригадасы тиісті нұсқаулар мен ережелердің бәрін жаттап ала алмайды, ол мүмкін де емес. Сондықтан нұсқаулардың кей тұстарын нақтылап алу қажет болса, мына тұрған кітаптардан қарай алады, – дейді Сергей Ефимович.

Оның айтуынша, қолданыстағы техникалардың барлығы дерлік орыс жерінде жасалғандықтан, техникалық сабақ өткізуде ресейлік әдістер пайдаланылады екен. Бұл ретте, техникалардың электрлік сызбасы мен жаттығу құралдарымен жұмыс істеу туралы бейнефильмдерді интернеттің көмегімен қолға түсіреді. Ең бастысы, мұнда техникалық сабақ өтудің оңтайлы жүйесі жасалған.

Техникалық сабаққа ықылас артып тұр

– «Локомотив бригадаларының барлығы да жұмысқа оқып келгендер ғой. Сондықтан біз олар өткен сабақтарды қайталаймыз десем болады. Ал өндіріске жаңадан енгізілген құралдар туралы білім жетілдіреміз. Мәселен, біз жетілдірілген радиостанция орнатып едік, бригадаларды осы құралмен жұмыс істеудің қыр-сырымен таныстырдық. Локомотив бригадалары үш ай сайын тоқсандық сынақ тапсырып отырады. Әрине, сынақтан бәрі бірдей сүрінбей өтеді десем, артық айқан болар едім. Сынақтан мүлт кеткендерге қайта тапсыруға дайындалу үшін он күн уақыт береміз», – дейді оқу жөніндегі нұсқаушы.

Техникалық сабақ күнделікті өтіп тұрады. Ал локомотив бригадаларынан техникалық сабаққа айына кем дегенде төрт рет қатысу талап етіледі. Сергей Аникин техникалық сабаққа қатысу бірінші кезекте машинистер мен машинист көмекшілерінің өздері үшін керек екенін айтады. Техникалық сабаққа қатысса ғана қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына сенімді болады. Соны жақсы түсінген локомотив бригадалары техникалық сабақты жібермеуге тырысады екен. Себебі, оқу жөніндегі нұсқаушы әр айдың соңында локомотив бригадаларының сабаққа қатысу көрсеткіші туралы машинист нұсқаушыларға есеп береді. Ал машинист нұсқаушылары техникалық сабаққа бармаған бригадалармен жұмыс жүргізеді, сабақты көбірек босатып қойғандар сыйақы-дан қағылады екен. Қалтасы қағылғанды кім қалайды дейсіз?

– Техникалық сабақтың нәтижелі болуы үшін біз сабақ өткізудің өзіндік жүйесін де енгізгенбіз. Оқу жөніндегі нұсқаушы мен машинист нұсқаушы лекция оқып болған соң, тыңдаушылардан өткен тақырып туралы қайта сұрайды. Бұл локомотив бригадаларының сабаққа қалай қатысқанын да анықтауға мүмкіндік береді. Әйтпесе, олардың арасында тақырыпты жүре тыңдайтындар болады ғой, – дейді Сергей Аникин. – Сабақта айтылған тақырыптың қайта сұралатынын білген бригадалар сабақты зейін қойып тыңдайды.

Қарағанды локомотив пайдалану депосындағы техникалық кабинеттің ішінде біздің ерекше назарымызды аударған – локомотивтің басқару пульті болды. Басқару пультіне таясаңыз өзіңізді ВЛ 80 электровозының кабинасында отырғандай сезінесіз. Позицияны айқындап алғанға дейінгі әрекеттің бәрін басқару пультінде отырып атқаруға болады. Бұл жерде КЛУБ-У аспабын да көре аласыз. РБ-1 радиостанциясымен де жұмыс істеп көруге мүмкіндік бар. Нағыз техкласс осындай болса керек-ті. Техникалық кабинетке де талғам керек екен-ау деген ойға қаласыз.

Оқу жөніндегі нұсқаушылардың

семинары өтсе...

Осы тұста бізге мынадай ой келді. Темір жолдағы түрлі сала мамандарының басын қосып, тәжірибе алмасатын семинарлар өтіп жатады. Ал техникалық сабақ өтетін оқу жөніндегі нұсқаушылардың семинары өте ме екен? Сергей Аникин болса, әл әзірге оқу жөніндегі нұсқаушыларға арналған семинар-кеңестерге барған емеспін дейді. Демек, өтпейтін болғаны ғой.

– Ондай семинарлардың оқу жөніндегі нұсқаушылар үшін пайдасы мол болар еді. Әлі есімде, 2006 жылы мен Мәскеуге білім жетілдіруге бардым. Сонда достастық елдеріндегі темір жол мекемелерінің оқу жөніндегі нұсқаушылары келген еді. Басымыз қосылған соң, өзара сөйлесіп, білгендірімізбен бөліскен едік. Сондай бір басқосудың керек екені анық, – дейді.

Расында да, локомотив пайдалану деполарындағы оқу жөніндегі нұсқаушылардың басын біріктіріп, техникалық дәріс өтудің әдістемесімен бөлісуге мүмкіндік берсе, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тағы да бір мүмкіндігі туар еді... 

Поделиться:
Популярные новости
1995 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3587 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2737 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер