Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2179 / 09.07.2010 00:00

Ақтөбеде темір тұлпарды тізгіндеген машиниске ескерткіш қойылды

Қазақстанда теңдесі жоқ, ТДМ елдерінің ешқайсысы мойын бұрып, зейін бөлмеген тұлпарды тізгіндеген машиниске «Локомотив» АҚ-ның филиалы – Ақтөбе локомотив пайдалану депосы ескерткіш орнатты. Аға ұрпақтың еңбегіне деген шексіз құрмет осы мүсінде сомдалған. Ескетркіш бүгінгі жас машиниске сәтті сапар тілеп, ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерге тағзым етіп тұрған істептті. Ақтөбеліктер кәсіби біліктілік пен зор еңбекті табап ететін мамандыққа осылай құрмет көрсетті.  

Ел экономикасының күретамыры саналатын теміржолдың тарихы тереңде. Оны мемлекет ішіндегі мемлекет санап, аса құрметпен атайтыны да сондықтан болар. Ал, сол теміржолдың құрметті де қастерлі маманы машинист. Ол күннің ыстық-суығына, күндіз-түнге қарамай еңбек етеді, мыңдаған жолаушы мен құнды жүктің қауіпсіздіне жауап береді. Ақтөбе пайдалану лакоматив депосының басшылығы мен еңбек ұжымының машинист мамандығына арнап қойған ескерткіші тек өткенге тағзым ету, құрметтеу емес,  бүгінгі ерен еңбекке баға беру және мамандықты жоғары деңгейге көтеру болды. Темірбетоннан құйылып, қоламен көмкерілген ескерткішті «Локоматив» АҚ бірінші вице-президенті Казескан Жұматаев, Батыс теміржолшылар кәсіподағының  директоры Кенжехан Үсенбеков, ҰОС-ның ардагері Владимир Арефьев ашты.
«Локоматив» АҚ бірінші вице-президенті Казескан Жұматаев:
- Бұрын елімізде мұндай ескерткіш ашылғанын естіген де, көрген де емеспін. Біріншісі осы. Бұл мамандыққа құрмет, аға ұрпаққа деген шексіз алғыс деп білетін,- деді. Оның айтуынша, машинист болу кез келгеннің қолынан келмейді. Біліктілік, жауапкершілік, төзімділік атты қасиеттерді талап ететін кәсіп адам талғайды, әлсізді ысырып тастайды. Ал, Батыс теміржолшылар кәсіподағының  директоры Кенжехан Үсенбеков:
- Қарапайым жұмысшыға қойылған ескерткіш, оған көрсетілген құрмет деп есептеймін. Ол темір жолдың бар өмірі, экономика көрсеткіші,- деп атап өтті өз сөзінде.
Екі ұрпақтың, ардагер мен бүгінгі машинистің ойы бір жерден шықты. Олар басқосуда басты идеяны ұсынады. Кейін мүсінші бейнені көз алдына келтіру үшін мұражайға барып, арнайы киім үлгілерін, 1930-жылдардағы машинистің тыныс-тіршілігі мен әр күнін зерттейді. Қолындағы сөмке де сол шақты еске түсіреді. «Локомотив» АҚ-ның филиалы – Ақтөбе локомотив пайдалану депосының бастығы Нұрлан Көшербаев:
- Аға ұрпаққа, ерен еңбекке құрметТІ, Ұлы отан соғысына дейінгі, соғыстан кейінгі кезеңде ел экономикасын көтеру үшін қызмет еткен машиниске деген тағзымды осы мүсіннен көре аламыз,- дейді.
Ескерткішті бір ай ішінде жергілікті мүсінші Ахмет Құбай жасап шықты. Бұрын орта жастан асып, қырықты еңсерген маман, қазір 25 жастағы қылшылдаған жас темір тұлпарды тізгіндеп келеді. Ол үшін кәсіби техникалық білім мен талап қажет. Ал, жастайынан пойыз басқарып, тауды бағындырған бүгінгі ұрпақ аға буынның мақтанышы боп келеді.
Алтынай САҒЫНДЫҚОВА.




Поделиться:
Популярные новости
1976 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3568 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2722 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер