Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2555 / 02.06.2010 00:00

Тұңғыш тепловоз сапарға шықты

ТЭЗЗА сериясындағы тұңғыш үш тепловоз елордасындағы локомотив құрастыру зауытында жасалып, өндірістік тәжірибелік пайдалану мақсатында сапарға шықты.

Астана стансасынан Алматыға жіберілген тепловоздар Қазақстан мен ТМД теміржолдарының мемлекеттік талаптарына сай.

- Өндірістік тәжірибелік сапарға шығарылған жаңа локомотивтер бұрынғы тартым құралдарына қарағанда, сенімді де сапалы әрі экономикалық жағынан барынша тиімді, - дейді «Локомотив» АҚ бірінші вице-президенті Қазезхан Жұматаев: - Бұл техника дизель отынын 25-30 пайызға үнемдеп, қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаруды 40 пайызға төмендетеді. Оның сыртында тартым күші жоғары.


Тепловоздардың тұсаукесеріне қатысқан «Дженерал электрик» компаниясының Оңтүстік - Шығыс Еуропа мен ТМД өңірі бойынша Бас директоры Гохан Бейхан бұл оқиғаның Қазақстан теміржолы саласы ғана емес, ел өміріндегі ерекше күн екендігіне де жоғары баға берді.

- Қазақстанның барынша қысқа мерзімде локомотив құрастыру зауытын ашуын алғашқы тепловозын шығаруына біздің компанияның кәсіби шеберлігі мен еңбекшілдігі де ықпал етті. Аталмыш тепловоздар барлық технологиялық үдерістерге сай етіп құрастырылды. Техникалық мінездемесі бойынша ТМД аумағында бұған шақ келетін тепловоз жоқ, - деген байламын жеткізді.

Соңғы үлгідегі майы кеуіп үлгермеген техника руліне осы салада жиырма жыл еңбек өтілі бар, былтыр Алматы - Сарыөзек және Сарыөзек - Үштөбе теміржол телімдерінде алғашқы америкалық тепловоздарды сынақтан өткізген машинист Мерген Аппазов пен оның көмекшісі Володя Денеев жайғасты.

- Маған осындай техниканы сеніп тапсырғандарыңызға ерекше разымын! Өте ғажайып, машиниске барынша жайлы болуы үшін, барлық ұсақ нәрселерге дейін ойластырылғандығы қуантады! - дейді машинист Мерген Аппазов.

Машинист-нұсқаушы Сергей Иванков жаңа техниканың басқа да қырларын атап өтті. Оның ішіне техникалық қызмет көрсетудің үнемділігі, еңбек өнімділігінің жоғарылығы, бәрінен бұрын машинист пен көмекшісінің жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалуы кіреді.

Ескендір Ертай
Поделиться:
Популярные новости
1988 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3584 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2733 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер